Қан рагіне шалдыққан 16 жасар қызға көмек керек

Қан рагіне шалдыққан 16 жасар қызға көмек керек

3 мая, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

Қазіргі таңда Илона Кимнің еміне қаржы жинауда көмек қажет, деп хабарлады vera.kz

Түркістан облысы Тұрар Рысқұлов ауылының 16 жасар тұрғынынан өткір лимфобластты лейкоз диагнозы 2015 жылдың желтоқсан айында қойылған. Содан бері отбасы жеткіншектің өмірі үшін күресумен келеді. 6 жылдан бері Илона химиятерапияның бірнеше курсынан өтті, ремиссия болды, қазір дерті қайта асқынуда. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, инсульт алды, есін жоғалтып, түрлі инфекция жұқтырып алған. Біраз уақыт бұрын дерттің беті қайтқандай болып, жеткіншек инсульттан кейін ауруханадан жазылып та шықты. Бірақ, көптен күткен ремиссия ұзаққа созылған жоқ.

​”Қазір Илонаға сүйектің кемігін ауыстыру отасын жасау қажет. Ондай трансплантация тек шетелде жасалады. Қазақстанда жасалмайды, бізде туыстық донор жоқ. Операция жасау үшін химиятерапияның екі курсынан өту керек. Содан кейін сүйек кемігін салуға бізге қаржы қажет болып тұр”, – дейді Елена.

Содан кейін анасы «Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасына хабарласып, мейірімді жандардан көмек сұрады. Қызының еміне 150 мың АҚШ доллары керек. Уақыт көп күттірмейді, Илона қазір Түркияда, химиятерапиядан өткен.

“Илоның аса ауыр дертті жеңіп, қалыпты өмірге қайта оралуына мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайы – ағзасының химиятерапияға деген әсері. Бірақ, ақшаның болмауынан осы мүмкіндікті пайдаланып, құлан-таза айығып ете алмай қалуы мүмкін екенін ойласам, денем түршігеді. Егер жақын арада химиятерапия ақысының қарызын төлемесек, олар келесі курсты бастай алмайды. Кез келген кідіріс Илонаның айығып шығуға деген мүмкіндігін азайтады, яғни, өміріне қауіп төндіреді”, – дейді Илонаның анасы Елена.

​Бұл отбасы химиятерапияның 18 000 долларлық қызмет ақысының 3 мың долларын ғана төлей алды. Ал Илона тағы осындай екі курстан өтуі керек, сүйек кемігін салу отасы содан кейін ғана жасалады.

​”Сіздерден Илонаның құтқарып қалуды сұранып, жалынамын. Қанша ақша аударсаңыз да қызымның айығып кетуіне үлес қосқан болар едіңіздер. Қайғыммен бетпе-бет қалдырмаңыздаршы. Бізге сіздердің көмектеріңіз қажет. Қолдауларыңызға басымды иіп, алғыс айтамын!” – дейді Илона Кимнің анасы.

КӨМЕК КӨРСЕТУ РЕКВИЗИТТЕРІ:

KASPI GOLD

5169-4971-7660-2898

Тел.: + 7 (771) 319-32-51

Андреева Елена (Анасы)

​СБЕРБАНК (Руб)

4263-4333-3669-6023

Тел.: + 7 (771) 319-32-51

Андреева Елена (анасы)

​Халық банк

4405-6398-1777-2849

Тел. +7 (701) 313-96-31

Ким Александр (әкесі)

​Pay Pal: help_ilona@mail.com

(Жақын туысы Иван Сутягин).

​Қайырымдылыққа жиналған қаржының есебін инстаграмдағы https://www.instagram.com/help_ilona/ парақшасынан көруге болады.

​Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» – көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен қолдау болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.

​Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: