Қазақстандықтардың демалысы биыл біршама ұзақтау болады

Қазақстандықтардың демалысы биыл біршама ұзақтау болады

25 января, 2020 Выкл. Автор admin

Биыл қазақстандықтардың біраз ұзақ демалыстары болады, деп хабарлайды vera.kz  

Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз жексенбіге сәйкес келеді, демек, демалыс күні 9 наурызға ауыстырылады. Екі күн демалыс, ал аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі де қосылады. Сосын ең көп демалыстар Наурыз мерекесімен келеді. 21, 22 және 23 – демалыс. 21 мен 22-сі сенбі мен жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыстар 24 мен 25 наурызға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар 5 күн демалады.

Осы демалыстардан кейін ұзақ демалыстар – мамыр айында. Қазақстан халықтарының бірлігі күнін бірінші мамырда жұма күні тойлаймыз, бұл күн ауыстырылмайды, демаламыз. Отан қорғаушылар күні 7 мамыр бейсенбіге тұспа-тұс келеді, бұл да ауыстырылмайды. Бірақ сенбіге сәйкес келген 9 мамыр Жеңіс күні жұмаға, 8 мамырға ауыстырылады. Нәтижесінде демалыстар 7 мамырдан басталады да, жұмысқа 11 мамырда бір-ақ барамыз.

Маусым мереке күндерінсіз, демек қосымша демалыстар жоқ. Шілде айында Астана күні еліміз 6 шілдеде демалады, ол дүйсенбіге сәйкес келеді, сол себепті ауыстырылмайды, бұл күн сенбі мен жексенбіден кейін келетінін ұмытпайық.

Тамызда қазақстандықтар Конституция күнін 30 тамызда тойлайды. Бұл жексенбіге сәйкес келгендіктен, 31 тамызға ауыстырылады. Сонымен қатарынан үш күн демаламыз.

Бірінші желтоқсанда Тұңғыш президент күнін мерекелейміз. Ол сейсенбіге түседі, демек, ешқандай ауыстыру жоқ. Ал есесіне Тәуелсіздік күні бәрімізді қуантады. Біз оны 16 мен 17 желтоқсан күндері тойлаймыз, бұл күндер сәрсенбі мен бейсенбіге сәйкес келеді. Демалыстарды үзбеу үшін Үкімет қаулысымен жексенбі 20 желтоқсанды жұмыс күні етіп белгілеп, демалысты жұмаға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қазақстандықтар 16 – 19 желтоқсан аралығында демалатын болады.

Полезная информация: