Үй іздеген үшеу

Үй іздеген үшеу

11 июля, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Бұл жолы біз бір емес, үш бірдей мысыққа қамқор болатын отбасы іздейміз, олар түрлі себептермен ветеринар Дарья Мелкумованың қолына тап болды. Даша оларды емдеп жазып, стерильдеді. Енді бұл үшеуі өздеріне қамқор болатын үйге барғысы келеді.

Визитка

Әзірге аты жоқ (қара ала мысық)

Жасы – шамамен 1,5 жас

Тұқымы – белгісіз

Мінезі – ашық әрі мейірімді

Тағамы – мысыққа арналған кез келген тағам

Ерекшелігі – жақында стерильдеуден өтті

«Бұл марғау СМУ-4 шағынауданы маңындағы үйдің ауласында 1,5 жылдай өмір сүрген екен. Оны маған стерильдеуге әкелген қыз солай деді. Айтуынша, аулада жүргенде балалар әбден тиіскен секілді, өкінішке қарай, көптеген баланың тәрбиесі ақсап тұр, осындай ит-мысыққа тиіседі, әбден ығырын шығарады. Оны стерильдеген себебіміз – әрине, осылай жүріп, балаласа, ол марғаулардың да тағдыры аянышты болары анық. Маған осыдан 10-12 күн бұрын әкелген еді. Содан бері осы жерде өмір сүруде», – дейді ветеринар Дарья Мелкумова.

Екінші мысық – үш түсті, оны асыраған адамдарға бақыт әкеледі деген ырымдары бар. Ветеринар Даша оны құйып тұрған жаңбырдың астынан, машина қағып кете жаздап алып келген екен.

Визитка

Сәттілік әкелетін мысық

Жасы – 1,5 жаста

Тұқымы – аула  мысығы

Үш түсті, ерекше мысық

Тағам таңдамайды

Ерекшелігі – стерильденген

 «Құрбымның үйіне барған едім, жаңбыр құйып кетті. Терезен мысықты көріп, шыдап отыра алмадым, жүгіріп барып, алып келдім. Міне, оншақты күн болды, осында тұрады. Кімде кімге үш түсті мысық ұнаса, алып кетуіне болады. Оны тауып алған жерім – Ғани Іляев көшесінің бойы болатын, көлік көп жүреді, қағып кетуі де мүмкін еді», – дейді Даша.

Ал үшінші мысық – бауырында ақ дағы бар қара мысық. Оны көшеде ауырып жатқан жерінен көрген адамдар ветеринарға алып келіпті. Қазір толық жазылып кеткен. Енді жаңа отбасында асыр салып ойнауға дайын.

Визитка

Бауырында ақ дағы бар қара мысық

Тұқымы – аула мысығы

Жасы – 2-2,5 жаста

Тағам таңдамайды

Ерекшелігі – стерильденген

Үш мысық та стерильденген, сондықтан, күтпеген кезде балалайды деп уайымдамауға болады. Ал жақсылап қарасаңыз, сізге сенімді достығы мен еркелігін сыйлауға дайын.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Последние новости Шымкента: