Өгей әкесі зорлаған қыздың анасы құқықтық көмек сұрайды

Өгей әкесі зорлаған қыздың анасы құқықтық көмек сұрайды

15 июля, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

Қорланған қыздың анасы құқықтық көмек пен қолдауға мұқтаж, деп хабарлайды vera.kz

Түркістан облысының тұрғыны Ақмарал күйеуін 14 жасар қызын зорлады деген айыппен сотқа берген. Процесс бірнеше айдан бері созылып келеді. Ақмарал прокурор мен судьядан бастап мемлекет тарапынан берілген адвокатқа дейін істі жапқысы келеді деп айыптап отыр. Жарты жылдан бері ол қызы екеуі дағдарыс орталығынан пана тапқан, енді кінәлі жазадан құтылып кетеді деп қорқады.

Ақмарал телефондағы суреттерді қарап отырып, өз көзіне сенер емес. Бір қарағанда бақытты көрінетін отбасы – ерлі-зайыптылар мен қызы – бір сәтте қылмыстық процестің қатысушыларына айналып шыға келген. Өміріміз бір сәтте қирағандай болды, дейді әйел. Күйеуі ішіп келіп, әйелін соққыға жыққан, содан кейін 14 жасар өгей қызын зорлайды.

“Бірінші жұбайым жол апатынан қайтыс болды, ол кезде қызым бесте еді. Содан оған әке қамқорлығы қажет екенін көріп жүріп, қорған болар деп, осы азаматпен таныстым. Бәйдібек ауданындағы үйіне көшіп бардық. Алғашқы 4-5 айда жақсы тұрдық, кейін барлығы өзгеріп сала берді. Ол менің көз алдымда қызымды құшақтап, тізесінен сипалап жүрді. Содан арам ойын біліп, қызыммен бірге кетпек болғанымда мені ұрып тастап, қылғындырды. Есімді жисам, ол қызымды зорлаған екен”, – дейді «Көмек» дағдарыс орталығынан көмек алушы Ақмарал.

Есін жиған Ақмарал қызымен бірге тағы да қашып кетпек болады. Бірақ, алысқа ұзай алмаған. Шағын ғана ауыл, жасырынатын үй жоқ. Содан өгей әкесі тағы бір ай бойы қорлық көрсеткен.

“Мені полицияға айтсаң, қызыңды пышақтаймын деп, ал қызымды анаңды өлтіремін деп қорқытқан. Содан әупірімдеп жүріп қыста қашып шығып, бірден полицияға барып, арыз жаздық. Дегенмен, бір ай бойы істі жаппақ болды, мені қорқытып бақты, қазір де қорқытуда. Анық болғаны, күйеуімнің туыстары ішкі істер органында істейді екен, бізді түрмеге қамалмаймын деп қорқытады. Осы орталыққа тергеушілер келіп, мені үркітуде”, – дейді Ақмарал.

«Көмек» дағдарыс орталығына Ақмарал қызымен бірге ақпан айында келді. Басында қызы түні бойы шыңғырып, шошып шығып, ер мамандардың ешқайсысын жанына жолатпаған. Тек психологтардың көмегімен жасөспірімді тыныштандырудың сәті түскен. Анасының айтқанын растайтын сот-медициналық сараптама нәтижесі дайын. Олар «Немолчи» қорынан да көмек сұраған екен, дегенмен, қордың құқықтанушысының жалғыз өзінің шамасы келмеуде, оған сот процесіне қатысуға тыйым салынған. Ақмарал осындай қылмысты істерде тәжірибесі бар адвокаттардан көмек сұрап отыр. Қорқа-қорқа болдым, енді ерте есейген қызы мен өзінің тағдыры үшін күресуге дайын екенін айтады.

Ақмарал мен оның қызына қол ұшын созғысы келетін жандардың «Көмек» дағдарыс орталығының директоры Жүсіпова Малика Әбдірашқызына +7 775 465 43 18 телефоны бойынша хабарласуларын сұраймыз.

Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» – көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі.

Жобаның чатына https://chat.whatsapp.com/FBvyTtB6Lr8Fv2uEza7ihl сілтемесі арқылы қосылуға болады.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады

Последние новости Шымкента: