«Қайырымдылық кәрзеңкесі» мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек береді
28 апреля, 2021«Қайырымдылық кәрзеңкесі» мұқтаж жандарға дәрі-дәрмек береді, деп хабарлайды vera.kz
«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасына жомарт жандар дәрі-дәрмек жеткізді. Емделуге дәрі қажет жандар +77007531010 телефон нөміріне хабарласа алады.
Алуға болатын дәрілер тізімі:
«Бор қышқылы» ерітіндісі – 1 дана;
Күкіртті жақпа – 1 дана;
Церулин 2 мл (0,5-тен) – 5 дана (укол);
Гордокс 10 мл – 10 дана (укол);
Аскорбин қышқылы – 1 қорап (укол);
Равал СР 1,5 мг, 30 таб – 2 қорап;
Корним 10 – 3 қорап (50 таблеткадан);
Корним 5 – 1 қорап, 50 дана;
Каворест 75 мг (20 таблеткадан) – 7 қорап;
Бисопролол 10 мг (30 таблеткадан) – 5 қорап;
Кардиоприл 10 мг (20 таблеткадан) – 4 қорап;
Кардиоприл 20 мг (20 таблеткадан) – 2 қорап;
Физиотенз 0,4 мг – 14 таблетка;
Бритомар 10 мг (30 таблеткадан) – 1 қорап;
Нистатин (500000 бірлік) – 14 таблетка.
«Қайырымдылық кәрзеңкесі» — көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен көмек болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.
Чаттың сілтемесі: https://chat.whatsapp.com/FBvyTtB6Lr8Fv2uEza7ihl
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.
Последние новости Шымкента: