Ерекше жеткіншек кәсіпқой музыка мамандарының көмегін күтеді
25 июня, 2021Никита Латыпов кәсіпқой музыканттарды іздестіреді, деп хабарлайды vera.kz
Көз жанары ештеңені көрмегенмен, жанымен сезінетін, әсіресе, музыканы сүйетін жандар болады. Никита Латыпов 18 жылдан бері осылай өмір сүріп келеді. Дүниеге келген сәтінде анасы Никитаны дені сау болып өседі ойлап, ештеңеден күдіктенбеген. Дегенмен, кейінірек Никитаға көру жүйкесінің атрофиясы диагнозы қойылады. Онымен күресу мүмкін емес болғандықтан, анасы мен ұлы мойынсұнып, өмір сүріп келеді.
«Ол мектепті аяқтады, Шымкенттегі Үміт мектеп-интернатында 12 жыл оқыды. Иә, музыканы жан-тәнімен сүйеді. Есте сақтау қабілеті мықты дамыған. Мысалы, ертең емтихан тапсыруы қажет болса, егер мұғалімдері жақсылап дайындаса, бір күнде барлық материалды жаттап ала алады», – дейді Никитаның анасы София Латыпова.
Мамандар Никитаның музыкалық қабілетін жақсы дамыған дейді. Өзі де 4 жасынан бері әуен шығарып, фортепианода кез келген шығарманы орындай алады. Мәскеуде өткен қайырымдылық концертінде көрермен қауым жас талантқа орындарынан тұрып қошемет көрсеткен. Сонда жиналған қаржыға жеткіншек толық тексеруден өткен болатын.
«Менің арманым, әрине, бұл – музыка. Кейде үйде билегім келіп кетеді. Немесе ұнаған бір музыканы естісем, синтезаторда соған микс жасағым келеді, ди-джей де болғым келеді. Жан-дүнием әуен ырғағына толы», – дейді Никита Латыпов.
Никитаның отбасы киім-кешек немесе азық-түлікке мұқтаж емес. Анасы мен ұлы бозбаланың кәсіби білім алып, сүйікті ісімен айналысуын армандайды. Шымкенттегі жоғарғы оқу орындарында денсаулығында осындай кінәраты бар жастарды оқыта алмайды. Дегенмен, мұндай жастарға аз ғана қолдауды өзі көмек.
«Әр баланың, әр адамның өзіндік ерекшелігі болады, оларды тек жақсы көру қажет. Мысалы, «1+1» деген керемет кино бар. Ең бастысы, ол адам мүгедек екен деген көзқарастан арылу қажет. Олар ешқандай мүгедек емес. Олар – өте талантты жандар, оларды сүйіп, сол қалпында қабылдау керек», – дейді София Латыпова.
«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасы мейірімді жандарда Никитаға музыка әлемінен өз орнын табуға көмектесуді сұранады. Жас жігіт өз арманына жетуге мүмкіндік берген концерт ұйымдастырушыларға, продюсерлерге, музыка топтарына алғыс айтар еді.
Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» — көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді.
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.
Последние новости Шымкента:
- Шымкент решил отказаться от новых развязок. Пока строить их не будут
- Фальсификация доказательств в деле о наркотиках выявлена в суде Шымкента
- В Шымкенте в рамках ОСМС оказывается ортодонтическая помощь
- В eGov Mobile появился гид кредитной и страховой истории
- Глава МНЭ презентовал Программу повышения доходов населения до 2025 года