35 жыл өмірі қиындықпен өтіп келеді
2 июля, 2021Мухабат Садықованың 35 жыл бойы оңалтусыз өтіп келе жатқан өмірі туралы vera.kz жазады
35 жастағы Мухабат үшін тамақтану бала күнінен нағыз сынаққа айналған. Бас ауруы, қозғалыстың қиындығы – бала шақта алған жарақаттың салдары. Мухабат 7 айлық кезінде ойнап жүріп, бас-ми жарақатын алған. Содан өмір бойы мүгедек болып қалған қызына бүгінде анасы қамқорлық жасайды. Осыншама жылдар бойы қасықпен тамақтандырып, арқалаумен жүр.
«Дәрігердің бұл жолғы қарауында кіргенде әрі қарай бұлай өмір сүре алмаймыз деп айттым. Қызымды арқалап жүруге шамам қалмады. Бізге мүгедектік тобын берсе, мүгедектің қоларбасы қажет. Ол бас дәрігерге кіріп шығып, бірқатар мамандардың, көз дәрігерінің, психиатрдың қарауынан өту керек деді. Содан қазан айында келіңіз, ауруханаға жатуға жолдама беріп, онда жатып шыққан соң құжатпен комиссиядан өтесіз деді. Менің ойымша, бізге қажет оңалту курсынан өту жолдамасын бергенде Мухабат мұнша қиналмас еді», – дейді анасы Светлана Садықова.
Дәрігерлер негізінен дәрумендер береді, ал қызымның жағдайы күн сайын нашарлап барады, деп жылайды анасы. Соңғы кездері тіпті сөйлеуі қиындап кеткен. Енді жағдайын сәл де болса жеңілдету үшін оңалту курсынан өтуі керек. Ал әзірге жеңілдікке де, оңалтуға да, шипажайға жолдамаға да қол жеткізе алмай отыр.
«Бірнеше рет жолдама туралы сұрағанымда жолдама қалмады, таусылып кетті деп айтты. Невропатолог та бізге арналған ештеңе жоқ екенін айтады. Ал мен сіздерге қанша жыл қаралып жүрміз, құрығанда бір рет жолдама беріңіздерші деймін. Әзірге жоқ деп жауап бере беретін, ал қазір үндемейді. Енді олармен ұрысу керек па? Біз Шымкент қалалық №5 емханаға қараламыз», – дейді көзі жасқа толған Светлана.
Өмір сүруіміз қиындап кетті, дейді Светлана Садықова. Ақшалары толыққанды тамақтануға да жетпей қалады. Ал қызын ақылы оңалтудан өткізу бұл әйел үшін арманға айналған. Отбасының бар табысы – ең төменгі 42 мың теңге зейнетақы және Мухабаттың мүгедектегіне берілетін 50 мың теңге жәрдемақы. Көп отбасы секілді, бұл жандардың да несиесі бар – айына 42 мың теңге төлеуі керек. Светлана оны ұлын жерлеуге алғанын айтады.
Егер сіз бұл отбасыға азық-түлікпен немесе қандай да бір қолдау көрсетемін десеңіз, Светлана Садықоваға +7 747 122 07 73, +7 777 804 68 70 нөмірлері бойынша хабарласыңыз. Бұл отбасы Шымкенттегі Қайнар бұлақ саяжайында тұрады.
Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» — көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен қолдау болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.
Последние новости Шымкента: