Шымкент тұрғыны 6 жылдан бері еркін тыныстай алмай жүр
9 июля, 2021Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны 6 жылдан бері далаға шығып, таза ауамен тыныстай алмай жүр, деп хабарлайды vera.kz
Бассейнге сәтсіз секірудің соңы І топ мүгедектігімен аяқталды. 46 жастағы азамат содан бері кереуетке және мүгедектер қоларбасына таңылған. Тек 4-қабаттағы шағын пәтерінің ішінде әрең қозғалады. Мүгедектер қоларбасы есіктің босағасына сыймайды. Ал далаға лифт немесе пандуссыз шығу мүмкін емес. Бүгінде ересек ұлының бар қиындығын 75 жастағы анасы тартып, қамқорлық жасап келеді.
«Әйелім де, отбасым да болған. Қазір балаларымыз бұрынғы әйеліммен бірге тұрады. Мемлекеттен 60 мың теңге зейнетақы мен жөргөктер аламын. Дәрігерлер жағдайымның барлығы да өзіме байланысты дейді. Олар ештеңеге көмектесе алмаймыз деп отыр», – дейді Дмитрий Балавнев.
Қазір Дмитрий жалға алатын шағын үй іздеп жүр. Осылайша пәтер қамауынан құтылып, таза ауамен тыныстап қалар едім, ал ең бастысы, аса қажет оңалтуды алар едім дейді. Соңғы рет мамандар мен 4 жыл бұрын жұмыс істеген. Ал бұл процестен қол үзіп қалуға болмайды. Қазір оның оңалтуға баруға мүмкіндігі жоқ, себебі, жоғарғы қабаттан төмендегі көлікке түсе алмайды.
«Олар маған жылына бер рет жолдама береді. Бірақ, мен ол жолдаманы ала алмаймын, себебі, 4-қабаттан төменге түсуге мүмкіндігім жоқ. Сондықтан жеке үйді жалға алуға іздестіріп жүрмін. Бірақ, әзірге таба алмай отырмын, тапқан үйге барамын деп жүргенде, оны да басқалар алып қоюда. Ал егер демеушілер көмектессе немесе қайырымды жан пәтерден төменге түсуге көмектессе, оңалтуға баруды бастар едім», – дейді Шымкенттің тұрғыны.
Жеке үйге көшсе, Дмитрий мамандармен жұмыс істеп, оңалту курсына қатысар еді. Ал бұл – аяққа тұрудың жақсы мүмкіндігі. Оған ниеті болғанымен, шамасы келер емес. Мүгедектік зейнетақысы реабилитологты үйге шақыруға жетпейді. Оның үстінен осыдан бір ай бұрын Дмитрий анасымен бірге коронавируспен ауырды. Cоның салдарынан бұлшықеттері әлсіреп, босап қалды. Бұған дейін тренажерларда жаттыға алар едім, ал қазір қолдарым ауырып қалады, дейді Дмитрий.
Егер сіз Дмитрийге көмектескіңіз келсе, немесе, бос тұрған үйіңізде тұратын адам іздесеңіз, +7 705 663 60 62 нөміріне хабарласуыңызға болады.
Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» – көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен қолдау болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.
Последние новости Шымкента: