Лайдаға лайық отбасы қажет
10 июня, 2022Көңілді әрі сенімді Лайда өзіне қамқор иесін іздейді, деп хабарлайды vera.kz
Бұл жануар адамдармен ойнағанды да, табиғат аясында серуендеуді де жақсы көреді. Дегенмен, еріктілердің көмегімен болмаса, былайша асыр салып ойнаудың реті келе бермейді. Сондықтан, Лайда өзіне қамқор адам табылса, оған сенімді серік бола алар еді.
Лайданы белгісіз біреу осындай жануарларға арналған орынның маңында, ағашқа байлап тастап кетіпті. Үсті-басын кене басқандықтан, денесі тақырланып қалған екен. Ыстық күннен қаталап қалғаны соншалықты, еріктілер тауып алған сәтте бірнеше шелек суды бір-ақ тауысқан.
Лайда болашақ иесімен асыр салып ойнауға дайын. Сондықтан, оған, мүмкіндігінше, белсенді отбасы қажет. Сонда үйдің қырағы күзетшісі ғана емес, тауда да, табиғат аясында да отбасы мүшелерінің сенімді серігі бола алар еді.
«Ол еркелеткенді, белсенділікті, ойнағанды жақсы көреді. Әсіресе, балалары өсіп қалған отбасыға таптырмас жануар. Түрлі іс-әрекетті де оңай үйренеді», – дейді «Екінші өмір» ұймының белсендісі Эмилия Ускенова.
Ал әзірге Лайда осы «Екінші өмір» ұйымының арнайы орнында жүр. Онымен кез келген демалыс күндері танысуға болады.
«Жануарларға – қамқорлық» жобасы»АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Ортаазиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.
Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.
Последние новости Шымкента:
- Шымкент решил отказаться от новых развязок. Пока строить их не будут
- Фальсификация доказательств в деле о наркотиках выявлена в суде Шымкента
- В Шымкенте в рамках ОСМС оказывается ортодонтическая помощь
- Аппарат для дробления камней в почках восстановлен в клинической больнице № 1 Шымкента
- График работы дежурных ЦОНов и спецЦОНа