«Біздегі жануарлардың барлығына екпе салынған» – Татьяна Багдевич

«Біздегі жануарлардың барлығына екпе салынған» – Татьяна Багдевич

3 августа, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Ерікті Татьяна Багдевич қай жануарларға қандай екпе салып, неден емдеу керек екенін беске біледі. «Екінші өмір сыйлайық» паналау орнындағы ол дәрігердің қызметін атқарады деуге болады. 80 жануардың барлығының денсаулығына күтім жасап, арнайы журнал арнап қойған. Себебі, эпидемия тисе, иттерге өте қиын болады дейді.

«Біздің паналау орнында қазіргі таңда 86 ит бар. Бұл сан өзгеріп тұрады, себебі, бір отбасылар иттерді асырауға алып, ал енді бірі бізге тапсыруға әкеліп жатады. Сондықтан, құтыру, оба сияқты аурулар иттерге өте қауіпті. Жылына бір рет міндетті түрде кешенді екпе саламыз. 00-49 сондай екпелер туралы жазып тұратын арнайы журнал да арнадық. Онда әр иттің аты жазылған, екпе салуға бір апта қалғанда әрқайсысының ішекқұртын түсіреміз, 7 күннен кейін вакцина саламыз», – дейді зооволонтер Татьяна Багдевич.

"В нашем приюте все собаки привиты" – Татьяна Багдевич

Өзі көркем гимнастикадан жаттықтырушы болып істейтін бұл кейіпкеріміз иттерге қамқорлық көрсетуді жан қалауымен бастап кеткен екен. Осыдан 4 жыл бұрын жай ғана көруге келіп, сол күйі төрт аяқты достарына бауыр басып қалған. Енді әр демалысын тек осы жерде өткізетінін айтады. Ал мұндағы жануарлар еріктілерді асыға күтеді.

«Біздегі жануарлардың барлығына екпе салынған» – Татьяна Багдевич
«Біздегі жануарлардың барлығына екпе салынған» – Татьяна Багдевич

«Егер бір адам келіп, 1 сағатта 2 итті серуендетіп үлгерсе, 10 адам 20 итті серуендете алады. Бізге де жеңіл тиер еді, себебі, барлық ит өзін серуендеткенді қалайды, олар жанашар адамдардың келгенін сезіп, жаппай үре бастайды. Қазір аунап-қунап, серуендеп қайтатынын сезеді. Ондай жағдайда біз де қатты қуанамыз», – дейді Татьяна Багдевич.

Татьянаның айтуынша, ең ауыр тиетіні – адамдардың үй жануарларына деген қарым-қатынасы. Паналау орнына жеткізілген әр иттің өз қайғылы тағдыры, аянышты халі бар. Соған қарамастан, осында келетін әр адамға бұл жануарлар үмітпен, сеніммен қарайды.

«Бұл – біздің ақы төленетін жұмысымыз емес, мұның барлығын тегін атқарамыз. Негізгі жұмысымыздан бос кезде айналысамыз. Әр жексенбі күні келіп, уақыт табуға тырысамыз. Иттерді серуендетеміз. Осының барлығына жарты күндей уақыт кетеді. Осындағы еріктілерге көмектесіп, ауырып қалған иттер болса, оларға көңіл бөлеміз», – дейді Татьяна.

Тәжірибелі ветеринар ретінде Татьяна Багдевич барлық тұрғынға үй жануарларына дер кезінде екпе салудың маңызын ескертеді. Бұл – төрт аяқты достарды ауыр дерттен, ал олардың иелерін қымбат емдеуден сақтап қалуға сеп болады. Оған қоса жануарлардан адамдарға жұғатын ауруларға тосқауыл болады. Ал Татьяна жануарларға жаны ашитын жерлестерін «Екінші өмір сыйлайық» паналау орнына келіп, иттерді серуендетуге шақырады.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Біздің жобаға мына сілтеме арқылы қосылуға болады: https://chat.whatsapp.com/FyaB4i6aB0B0PTycH7B3Sr

Последние новости Шымкента: