Буянова Ангелина – «Пушистый ангелдің» ерекше волонтері

Буянова Ангелина – «Пушистый ангелдің» ерекше волонтері

18 июля, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Зооволонтер Ангелина Буянованы көбісі жануарларға арналған «Пушистый ангел» орнының ерекше маманы санайды. Осы мекемені қажет заттармен, азық-түлікпен қамтамасыз ету, төрт аяқты достарын тамақтандыру мен күтіп-баптау, серуендету – барлығы Ангелинаның мойнында. Ашылғалы өткен 5 жыл бойғы көшіп-қонуға да Ангелина жауапты.

“Мен негізінен осы орынның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, жануарларға азық-түлік жеткізумен айналысамын. Сондықтан, менің есімде қалған ең аянышты жағдай, аяғы бұралып кеткен марғау болды. Иә, кәдімгі марғаудың табаны бір жаққа қарай бұралып кеткен. Мұндайды көрмеген мен қатты қорықтым, жүрегім шыдамайды”, – дейді Ангелина Буянова.

Ангелинаның айтуынша, жануарлардың барлық қиындығын жүрегіне жақын қабылдайды, сондықтан, айналасындағы әр адамға асыраған ит-мысықты қуып жібермеуді, ал қаңғыбас жануарларды стерильдеу қажет екенін түсіндіруден шаршамайды.

“Адамдардың көбісінде стерильдеуге деген жағымсыз пікір қалыптасқан. Олар адамды піштіру сияқты деп ойлайды. Жоқ, жануарларда ондай эмоционалды сипаты жоқ. Бұл – тек соқыр түйсік. Сондықтан, мысалы, ит пен ер адамды алсақ, оларды піштіру – екі бөлек нәрсе. Ал ит-мысықтың стерильденбеген ұрғашыларына келер болсақ, оларға, мысалы, «Секс-барьер» немесе басқа да ынтығын басатын препараттар берілсе, оларда кейін ісік пайда болуы мүмкін”, – дейді зооволонтер.

Сондай-ақ, үйде асырайтын ит-мысыққа да мұқият болуы керек дейді зооволонтер. Төрт аяқты жануарларды аяймыз деп жүргенде, кейін кедергі келтіріп, ешкімге керегі болмай қалатын ондаған күшік пен марғау дүниеге келеді. Сондықтан, бүгін операцияға кететін 15-16 мың теңгені үнемдеудің соңы кейін одан да көп шығынға ұшыратуы мүмкін.

Олар бұл күшіктер мен марғаулардың кейін ешкімге керегі болмай қалатынын түсіне бермейді. Олар туып-өскен үйдегі адамдарға, қолға алып, сипағанға үйреніп қалады. Сондықтан, оларды далада тастап кету, біріншіден, обал, аш қатуы мүмкін, екіншіден, адамдарға ілесіп жүргенде олар қорлық көрсетуі мүмкін.

Ангелинаның тағы бір міндеті – жануарларды әдемі етіп фотоға түсіру, мүмкіндігінше асырауға беру. Әзірге нәтиже жаман емес, мұндағы күшіктер мен мысықтарды қалалықтар тұрақты түрде алып кетіп жатады.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Последние новости Шымкента: