Чарли жаңа иелерін іздейді

Чарли жаңа иелерін іздейді

28 июля, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Чарли есімді ит өзіне қамқор иелерін іздейді. Таксаға қатты ұқсайтын жануар «Пушистый ангел» мекемесінде 1,5 жыл бұрын дүниеге келген. Ол – ерекше жағдай еді, дейді еріктілер. Чарлидің енесін тауып алғанда мойнынан жарақат алып, ауыр халде жатқан еді. Оның үстіне буаз болып шықты. Дегенмен, мал дәрігерлері мен еріктілердің көмегімен ол ит аман қалып, осы жерде күшіктеді.

“Содан күнде күшіктерді көрген сайын өлгелі жатқан жерінен жанын алып қалған анасын да еске алып, бір жымиып алатын едік. Оны біз Лайка деп атап кеттік. Ал Чарли – соның баласы, өзі қызық күшік, әкесі такса болған сияқты, әйтеуір, осы күшіктің аяқтары өте қысқа болып туды”, – дейді зооволонтер Ангелина Буянова.

Чарли жаңа иелерін іздейді
Чарли жаңа иелерін іздейді

ВИЗИТКА:

Аты – Чарли

Жасы – 1,5 жаста

Тұқымы таксаға қатты ұқсайды

Мінезі – ашық, жұмсақ, ойнап қалған, басқа жануарларға қастығы жоқ

Тамағы – кәдімгі иттердің тамағы, құрғақ тағам, ботқа

Ерекшелігі – піштірілмеген, таңертең және кешке қыдыртса, жеткілікті. Пәтерде немесе аулада ұстауға болады

“Тұмсығы сүйірленіп қалған, түрі өте қызық ит. Бим сияқты емес, белсенділігі қалыпты, сондықтан, пәтерде де, жеке үйде де асырауға келеді. Таңертең және кешке серуендетсеңіз, жеткілікті. Қалған уақытта аунап ойнайды, оған сол жеткілікті деп ойлаймын”, – дейді Ангелина Буянова.

Зооволонтер күшікті немесе итті асырауға алған алғашқы уақытта жануарды жіпсіз серуендетпеңіз деп кеңес береді. Себебі, иттер жаңа иесіне әлі үйренбегендіктен, қашып кетуі мүмкін. Ал Чарлиді піштіретін уақыт келді, сонда алдағы уақытта күшіктеп немесе басқа ит іздеп, мазаны алмайды. Өзі жаңа иелеріне қуаныш сыйлап, нағыз дос болуға дайын.

Чарли жаңа иелерін іздейді

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Последние новости Шымкента: