Екі ерекше баланың анасы үйін жөндеп беруді өтінеді

Екі ерекше баланың анасы үйін жөндеп беруді өтінеді

17 мая, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасына Манзура Бикметова өтінішпен келіп, үйінің шатырын жөндеп беруді сұранады, деп хабарлайды vera.kz

Пошта қызметкері Манзура Бикметова күндіз газет-журнал салынған ауыр сөмкені тасыса, таңертең және кешке үлкен ұлын көтереді. Талдырмаш әйел ересек ұлын жуындырады, киіндіреді, күтім жасайды. Себебі, өзінен басқа ешкім жоқ. Бобиржонның жасы қазір 28-де, жыл өткен сайын өздігінен қозғалу мүмкіндігі азайып барады. Бала кезінде мектепке баратын, содан аяғын сілтіп басып, жақында мүгедектер қоларбасына таңылып қалды. Дәл осындай генетикалық дертке інісі, 26 жастағы Исламжан да шалдықты, дегенмен, қазір ол қиналып болса да өз бетімен жүре алады.

«Анықтамаға жазылған ДЦП диагнозы үлкен ұлыма 12 жасында, ал кенже балама 17 жасында қойылды. Біз оларды Ташкентке де апардық, онда «Штрюмпель генетикалық ауруы» диагнозы қойылды. Бұл дерт жыл өткен сайын қозып, балаларымның жағдайы нашарлап келеді, жақсарып жатқан жоқ», – деп жағдайымен бөлісті Манзура Бикметова.

Манзура жұбайы дүние салған соң балаларының мүгедектігіне байланысты үйін жөндеуді бастаған. Себебі, ұлдары даладағы дәретханаға шыға алмайды. Бұл отбасыға туыстары мен достары көмектескен қаржының барлығы осы жөндеуге жұмсалыпты. Бірақ, үйдің шатыры ескі күйінде қалып отыр, жауын жауғанда тесіктерден су сорғалап, аққан судың астына ыдыс тосумен боламыз, дейді әйел.

«Екі ұлымның да мүгедектігі бар, бірі – бірінші топта, екіншісі – екінші топта. Күйеуім екі жыл бұрын қайтыс болған. Ең үлкен проблемамыз – тесілген шатыр болып тұр, оны жөндеуге қаржы жоқ. Амалым жоқтан баршаңыздан көмек сұраймын, мүмкін, қайырымды жандар шатырымды ауыстырып немесе жөндеуге көмек беріп қалар. Былайша ұлдарымды өзімді асыраймын. Тек ұлдарыма жағдай жасау үшін несие алуға мәжбүр болдым», – дейді Манзура Бикметова.

Отбасының табысы – мүгедектік жәрдемақысы және пошташының 50 мың теңге айлығы. Оның 100 мыңы несие төлеуге кетеді, оны алмасқа болмады, дейді Манзура. Қазір жұпыны болса да өмір сүруге жетеді, тек сол мазалаған шатыры болмаса.

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасы мұқтаж отбасыға көмектесуге шақырады. Ақшаны Манзура Бикметованың Каspi Gold картасына аударуға болады. Нөмірі: 8 7073112545 Манзура.

Біздің чатқа қосылып, бірге қайырымдылық жасайық: https://chat.whatsapp.com/FBvyTtB6Lr8Fv2uEza7ihl

Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» — көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен қолдау болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: