Лала Шепетова науқас балаларының еміне көмек сұрайды

Лала Шепетова науқас балаларының еміне көмек сұрайды

22 апреля, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

35 жастағы әйел балаларын дертінен айықтыру үшін қара нан мен қара сумен күнелтуге де дайын, деп хабарлайды vera.kz.

Лала Шепетова қазіргі күйін дұшпанына да тілемейді. Бір бөлмелі жалдамалы пәтердің іші госпиталь секілді: іші тола дәрі-дәрмек пен рентген қағаздары. Лаланың 5 баласының төртеуіне мүгедектік диагнозы қойылған. 12 жасар Абдулланың миындағы қатерлі ісік дамуына кері әсер етуде. 10 жасар Шехризаттың жүрегінің құлақшасы жарылып кетсе, 4 жасар Фатима аяғына салынған темірден қалған тыртықты көрсетуде. Ал Лала қолына көтеріп жүрген нәрестесі Ибадулланың да жүрегінде ақауы бар. Осындай жағдайын айтып тұрған әйелдің жүзін жас жуып кеткен.

«Абдулла 4 жасына дейін дені сау болатын, 4 жасында жол апатына ұшырады. Мен ол кезде жүкті едім, сондықтан, маған оның жағдайы туралы бірден айтпапты. Тек бір жылдан кейін барып біле бастадым. Миында ісік пайда болып, қанша емдесек те қайтпай, көлемі үлкейіп барады. Көру қабілеті нашарлап, жыныс мүшесі дамымай қалған. Ал қыздарым мен күйеуім 2020 жылдың қыркүйек айында сұмдық жол апатына ұшырады. Үлкен қызымның ішкі ағза мүшелері жарылып, жүрегі қатты зардап шекті, 4 жасар Фатиманың аяғы бөлшектеніп кеткен. Әлі күнге саусақтарының жаны жоқ. Ал бір ай бұрын дүниеге келген мына нәрестемнің де жүрегінің ақауы бар. Қазір күн сайын балалар ауруханасында тексеруден өтіп тұрамыз», – дейді көз жасын тыя алмаған Лала.

Сол жол апатынан зардап шеккен Лаланың жұбайы бүгінде емделіп, жұмысына қайта шықты. Олай етпеске амал жоқ, быт-шыт болы қираған машинасын несиеге алған екен. Бүгінде банкке қарыздарының жалпы сомасы 1 млн 700 мың теңгені құрайды, ал отбасының табысы мәз емес. Жедел жәрдем көлігінде жүргізуі болып істейтін күйеуінің жалақысы 90 мың теңге және балаларға алатын 71 мың теңге жәрдемақысы бар. Бұл отбасы балаларын емдеу үшін Сарыағаштан Шымкентке көшіп келіп, балалар ауруханасына жақын жерден айына 40 мың теңгелік жалдамалы пәтерде тұруда.

«Мен үшін ең бастысы – балаларымды емдеп шығу. Ол үшін бәріне де дайынмын, тіпті, қара су мен нан жеп жүрсем де шыдаймын. Бір ғана сұранарым – балаларымның оңалтып кетуіне көмек берсеңіздер екен. Жалдамалы пәтерде тұруға да, балапандарымның денсаулығын оңалту үшін қолымнан келгеннің бәрін істеуге де дайынмын. Артық ештеңе қажет емес. Қазір екі баламды Нұр-Сұлтан қаласына апарып, емдету үшін көмекке мәжбүрмін», – деген Лала Шепетова қайырымды жандардың қол ұшын беруді сұранады.

Шарасы таусылған әйел, ең алдымен, жарақат алған балаларды оңалтумен айналысатын дәрігерлердің көмегіне зәру, нақты айтқанда білікті кардиохирургтар мен онкологтардың көмегі қажет. Оған қоса табысы шамалы бұл отбасыға салмақ болып тұрған несиелерді тез арада жабу да аса маңызды болып тұр. «Қайырымдылық кәрзеңкесі» – көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: