Маркиза-мысық қамқор иелерін іздейді

Маркиза-мысық қамқор иелерін іздейді

18 августа, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Бүгінде өзінің жаңа үйі мен қожайындарын «Пушистый ангел» паналау орнындағы күлгін-селдір түстес Маркиза-мысық іздестіреді. Оның жасы 1 жыл шамасында, қолға ұстап отырғанды, сипап, қасығанды ұнатады. Марғау әлі стерильденбеген, себебі, волонтерларда паналау орнындағы мысықтың барлығын бірдей піштіруге қаржы бола бермейді.

«Маркиза – ұрғашы мысық, әлі толық жасына толмаған. Қаржы болмағандықтан, әрі стерильденген жоқ. Оны да тым кішкентай кезінде тауып алдық, өзі тамақтана алмағандықтан, біздің ерікті қыз қамқорлық жасап, тамақтандырды. Барлығы бес марғау болатын. Кейін өздері тамақтанып үйренген соң біздің паналау орнына алып келді. Өзі өте ерке, сипағанды жақсы көреді, қолға алсаңыз, пырылдай жөнеледі. Ал түсі – тіпті керемет», – дейді зооволонтер Ангелина Буянова.

ВИЗИТКА: Маркиза

Жасы – жылға толмаған

Тұқымы – күлгін-селдір түстес әдемі мысық

Қолға алғанды, еркелеткенді, сипағанды ұнатады

Мінезі – ашық, жұмсақ, қырсықтығы жоқ. Басқа мысықтармен бірге тұра алады

Тамағы – мысықтардың тағамы, құс қанатымен пісірілген ботқа

«Жасына толуға жақын, кейде көшеге басқа мысық іздеп кеткісі келіп тұрады. Стерильдеу лезде жасалады, қиын емес. Дегенмен, біздің ойымызша, Маркизаны асырауға алатын адамдар бірден стерильдеп барып алса, тиімді болар еді. Себебі, қазір алып кетсе, сол үйге үйренемін дегенше біраз қиналып, содан кейін стерильдеуден тағы қиналады. Сондықтан, асырауға алып, бірден тиісті процедураны жасаған дұрыс деп ойлаймыз», – деп түсіндіреді Ангелина Буянова.

Осылайша ерке Маркиза жаңа иелерін «Пушистый ангел» паналау орнында күтеді. Одан бөлек бұл орында көптеген пырылдауық марғаулар мен ересек мысықтар қамқор қолдарды күтіп жүр. Асырауға алынған олар иелеріне жылулық пен еркелік сыйлап, жылы үйде бірге ойнауға уәде береді.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Біздің жобаға мына сілтеме арқылы қосылуға болады: https://chat.whatsapp.com/FyaB4i6aB0B0PTycH7B3Sr

Последние новости Шымкента: