Мінезі жуас алабай болашақ иелерін іздейді

Мінезі жуас алабай болашақ иелерін іздейді

8 июля, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Көнбіс төбетті асырап алатын адамдар қажет, деп хабарлайды vera.kz

Бұл төбеттің аты – Кристов. Ал нағыз асылтұқымды алабай. Бір өкініштісі, ол бұрынғы иелерінен жақсы күтім көрмеген. Енді нағыз қырман қорып, үй күзететін сақшы бола алмас. Дегенмен, мейірімді алып төбет кез келген жанның жүрегін елжірететіні сөзсіз. Қазір өзіне қамқорлық көрсететін отбасыны іздейді, еріктілер Кристов егде кісілерге де салмақ түсірмейді дейді.

«Кристовқа үйінің ауласы кең отбасы кезіксе екен дейміз, сонда ол еркін серуендей алар еді. Оның бір ерекшелігі – артқы аяғы кальций жетіспеушіліктен туындаған рахиттен зардап шеккен. Егер қамауда ұстайтын болса, бірер сағаттан аспауы керек, қалған кезде аулада еркін жүргені дұрыс. Кристов қабаған емес, басқа иттерге де, адамдарға да мінез көрсетпейді, қабаған күзетші бола алмаса да нағыз дос бола алар еді. Негізі, бұл итті егде жастағы адамдар да асырай алады», – дейді еріктілер.

Аты – Кристов

Жасы – 1,5 шамасында

Тұқымы – алабай

Мінезі – мейірімді, жұмсақ, сабырлы төбет. Басқа иттер мен жануарларды жатсынбайды

Тағамы – ет қосылған ботқа, көкөністер

Адамдармен ойнап, серуендегенді ұнатады

Ерекшелігі – аяғы ауырады, күзетке, күшік көбейту мен төрт түлікті бағуға жарамайды, серуендеуге аула керек.

«Оның екінші аяғы сау, сондықтан, сүйреп жүретін арба қажет емес, егер өз ауласында өмір сүретін болса. Негізі өз бетімен өмір сүре алады, серуендеуді қатты жақсы көреді, сондықтан, ауланың неғұрлым кең болғаны жақсы. Үйшікке қамаса да мінез көрсетпейді. Әрине, ол тезірек шаршап қалады, сондықтан, жиі демалып тұруы керек», – дейді еріктілер.

Еріктілер Кристовты өлімнен алып қалды десе де болады. Ол туралы хабар алып, тауып алғанда мойны үлкен болып ісіп, іріңдеп кетіпті. Темірмен байлаған болуы мүмкін, оған қоса аяғы рахиттен зардап шеккен. Яғни, бұл төбет дұрыс тамақтанбаған және дәрумен қабылдамаған деуге болады. Еріктілер қолдан келгеннің бәрін істеп, Кристов төрт ай бойғы емге шыдап бақты. Есесіне, міне, өзі мейірімді, жуас, асырап алуға дайын. Болашақ иелерін Кристов «Екінші өмір сыйлайық» орнында күтеді.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Последние новости Шымкента: