Шымкентте «Балалық шақ аллеясы» ашылды

Шымкентте «Балалық шақ аллеясы» ашылды

7 мая, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

Шымкентте алғашқы «Балалық шақ аллеясы» ашылды, деп хабарлайды vera.kz

Қоғамдық қайырымдылық қоры Шымкент қаласының Назарбаев даңғылынан алғашқы «Балалық шақ» аллеясын ашып отыр. Бұл әлеуметтік акцияны «Мобил плюс көмек» қоры ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Бірге – Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық жобасының аясында жүзеге асырып отыр.

«Балалық шақ аллеясы» — бұл біздің балалардың өміріндегі қуанышты сәт, ол болашаө ұрпақ үшін дәстүрге айналады», – дейді қордың президенті Наргиза Керімбаева.

Аллеяға ағаш көшеттерін егуге қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әлиқұлов, «Мобил плюс көмек» қорының еріктілері мен мүмкіндігі шектеулі және көп балалы отбасылардың балалары қатысты.

В Шымкенте появилась «Аллея детства»
В Шымкенте появилась «Аллея детства»

Акция қызықты өтіп, балалар өздері еккен көшеттерге аттарын жазған карточкаларды іліп, тілектерін тіледі. Содан кейін көшеттерге су құйып, күтім жасап тұруға уәде берді.

Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» — көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен қолдау болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: