Шымкенттің тұрғыны үй жинастыру кезінде 5-қабаттан құлап қалды

Шымкенттің тұрғыны үй жинастыру кезінде 5-қабаттан құлап қалды

25 июня, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

Шымкентте жас келіншек үй жинастыру кезінде 5-қабаттан құлап қалды, деп хабарлайды vera.kz

Әр жаттығу Жанна Алябьеваға оңай тимейді. Дегенмен, артқа шегінер жол жоқ, оңалудың жалғыз жолы осы. 23 жастағы Жанна 5 қабаттағы жалға алған пәтерінің терезесін жуып жүріп, төменге құлап қалып, кереуетке таңылып қалды. «Медикер» клиникасындағы оңалту курсы екі баланың анасы үшін – қалыпты өмірге қадам басудың жалғыз жолы. Үлкені 6 жаста, кенжесі екіге енді толды.

“Жанна жұлынынан мойын омыртқа тұсынан жарақат алған. Аяқ тетраплегиясы диагнозы, яғни, аяқтары мүлде қозғалыссыз. Жамбас мүшесінің қызметі бұзылған. Енді оңалтудан өтіп тұруы қажет, қазіргі таңда екінші кезеңінен өтті”, – дейді «Медикер» клиникасының оңалту стационары бөлімшесінің меңгерушісі Мейіргүл Асылбек.

Жанна осындай оңалту курсының алты кезеңінен өтуі керек. Алғашқы курсынан тегін өтті. Ал екіншісіне 370 мың теңге қажет болып, таныстары жинап берген. Бұл қаржыға көмекшінің қызметі, 4 мезгіл тамақтану, массаж, ине терапиясы мен маманның бақылауымен өтетін физикалық жаттығулар кіреді.

“Оңалту жақсы әсер етіп жатқанын сезінемін, аяғыма жан кіріп, башпайларымды, қол саусақтарын қозғалта аламын. Енді осы оңалтуды үзіп алмай, аяққа тұрып кететініме сенемін. Бірақ, маған осы курстардан үзбей өту үшін қаржылай қолдау қажет болып тұр. Себебі, өзімде және отбасымда мұндай ақша жоқ. Отбасында төртеуміз, және менің екі балам. Барлығы алты бала мен екі ересек және мен”, – дейді Жанна Алябьева.

Дәрігерлердің дәрі тағайындауы мен физикалық жаттығулар әр курс сайын өзгеріп отырады. Оның барлығы емдеу процесінің нәтижесіне байланысты болады. Ендігі курсқа 450 мың теңгеге жуық қаржы қажет. Ал отбасының табысы айына 140 мың теңге құрайтындықтан, бұл қаржыны жуық арада жинау қиын. Жанна жұбайымен ажырасқан, одан көмек жоқ. Қызы мен оның екі баласына анасы қамқорлық жасауда, ал сіңлісі күндіз-түні жанынан шықпайды.

“Сіңлім мені тамақтандырады, жуындырып, киіндіреді, онсыз мен ештеңе істей алмаймын. Әрине, мұндай жағдай өте қиын, ешкімнің басына салмасын, бірақ, мен оңалудан үміт үзбей, әрдайым алдағы уақыттан жақсылық күтемін. Күн сайын тәуір болып келе жатырмын деп, өзімді өзім сендіремін. Шынында да солай, күн сайын таңертең тұрғанда бүгін аяғымды кешегіден жақсы сезініп қалдым деп ойласам, бойымда сенім пайда болады. Ең бастысы – сенімді жоғалтпау”, – дейді Жанна.

Егер сіз осы отбасыға көмектескіңіз келсе, онда қаржыны Каспи голдқа Жаннаның анасы Ольга Пушкареваның атындағы 8-701-565-17-23 нөміріне немесе 5169 4931 2333 2549 карточка нөмірі бойынша аудара аласыз.

Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» – көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді.

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасының чаты: https://chat.whatsapp.com/FBvyTtB6Lr8Fv2uEza7ihl
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: