Шымкенттік ДЦП диагнозы бар қыздың оңалуына көмек қажет

Шымкенттік ДЦП диагнозы бар қыздың оңалуына көмек қажет

20 мая, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

Шымкенттегі ДЦП диагнозы бар қыздың оңалуына көмек қажет, деп хабарлайды vera.kz

Зәуреш Нұржанованың отбасында кенже қызымен бірге үйде сурет салу сабағы дәстүрге айналған. Анасы мен 14 жасар қызы күн сайын осылай айналысады. Аяулымға балалардың туа бітті церебральді сал диагнозы қойылған. Өзін-өзі дамыту сабақтары қажет-ақ, дегенмен, бәрінен бұрын астанадағы оңалту орталығында ем алу керек болып тұр. Ол жаққа квота бөлінгенімен, бару-бармауы белгісіз болып тұр.

“Қызымыз өз бетімен жүріп, өзіне-өзі қызмет көрсету үшін оңалту шаралары қажет. Бұл – біз үшін ең бастысы”, – дейді анасы Зәуреш Нұржанова.

Нұр-Сұлтан қаласындағы оңалту шаралары баланың бұлшықеттерін бекітеді. Былтыр өткен сондай курстың нәтижесі де болыпты. Бір айлық емнен соң балақай жүріс құралымен өз бетімен қадам басқан. Бірақ, Аяулым биыл бұл көмексіз қалуы әбден мүмкін. Отбасы соңғы жинаған ақшасына ұшаққа билет алған, ал астанада 25 күн бойы тұрып, тамақтануға Зәурештің қаржысы жоқ. Сондықтан «Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасынан көмек сұрап отыр.

“Нұр-Сұлтан қаласындағы оңалту орталығына барамыз. Енді жолға, сонда жататын жай мен тамақтануға ақша қажет болып тұр. Санауым бойынша, 80-100 мың теңге шамасы. Ақшаға қатты мұқтаж болып тұрмын, көмектесулеріңізді сұраймын. Бұрын қызым «ходунокпен» де мүлде жүре алмайтын. Ал онда бір айдың ішінде қадамдап жүруді үйренді. Түзу болмаса да жүре бастағанына қатты қуандым”, – дейді Аяулымның анасы.

Бұл отбасы жалдамалы пәтерде тұрады. Жалғыз кірісі – ай сайын алатын қызының 96 мың теңге жәрдемақысы. Коммуналды қызметтерді де, пәтер ақысын да осы ақшадан төлегендіктен, кейде тамақ алуға ақша қалмайды дейді. Оған қоса Зәурештің колледжде оқитын үлкен қызы да бар.

Егер сіз баланың оңалуына көмек бергіңіз келсе, ақшаны 5169 4971 6376 4602 нөмірі бойынша «Аяулымға» деп жазып жіберсеңіз болады.

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» – көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: