Шымкенттік мүгедек ана баласының еміне көмек сұрайды

Шымкенттік мүгедек ана баласының еміне көмек сұрайды

31 мая, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

Шымкентте мүгедек ана баласының еміне көмек сұрайды, деп хабарлайды vera.kz

Көп балалы отбасыға үлкен ұлды емдеуге және баспаналы болуға көмек қажет. Екінші топтың мүгедегі Гүлзада Дүтбаева, бес баланың анасы, Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Үш жасар кезінде анасы сүйек туберкулезінен қайтыс болған. Дерт қызына да жұққан, содан туыстары Гүлзададан бас тартып, Алматыдағы мамандандырылған бөьектер үйіне жібереді. Дегенмен, арада жеті жыл өткенде ол оңалып шықты, тек омыртқасында өзгеріс болып, ІІ топ мүгедегі атанады. Ал қазір дәл осы дерт кенже ұлы, 4 жасар Мадиярға да тап болды деп уайымдап отыр. Қазір балада дерттің барлық белгілері бар, ал оны емдеуге қыруар қаржы қажет.

«Балаларға 55 мың жәрдемақы алатынмын, биыл 3 мың теңге қосылып, 58 мың теңге болды. Әр балаға шамамен 11 мыңнан келеді, ал өзім 40 мың теңге зейнетақы аламын. Оған қоса асыраушысынан айрылуға қатысты зейнетақым бар, сот арқылы бір балама дәлелдеп, 29 мың теңге аламын», – дейді Гүлзада Дүтбаева.

Қазір Гүлзаданың ең басты қайғысы – өз баспанасының болмауы. Муниципалді үйдегі бұл пәтер – кезегі келгенше уақытша тұрағы. Ол кезекте 16 жылдан бері тұратынын айтады. Интернатта заң бойынша өзіне тиесіліге жетіп үйренбегендіктен, 9 жыл бойы Достық шағынауданындағы кәріз жүйесі жоқ, пеш жағылатын үйде тұрғанын айтады, содан кейін осында көшіп келген.

«Ол үйде тек жарығы бар еді, суды басқа шағынауданнан таситын едім. Үш жасар қызым бес литрлік баклажканы, ал өзім шелек көтердім. Осылайша 9 жыл тұрдық. Көмірді де 25 келілік қаппен өзім тасыдым. Омыртқамда жара содан пайда болды. Содан кейін ол үйді бізден алып, мына пәтерді берді. Тек бір жылдан кейін барып бұл уақытша баспана екенін білдім. Қайтадан әкімдікке барып, сол үйімді қайтаруды сұрағаныммен, осы пәтерге көшуге өзің келісім бердің деп, қайтармады. Міне, содан бері отырмын. Мұнда қыста суық, ана бөлменің қабырғасы қататындықтан, бала-шағамызбен бір бөлмеге сығылысамыз», – дейді Гүлзада.

Бала кезден тағдыр тауқіметін тартып, денсаулық азабын көріп өскенімен, Гүлзада шағымданып, ешкімге алақан жайған емес. Осыдан бірер жыл бұрын әр балаға берілетін 21 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тоқтап қалар деген оймен, бар жәрдемақыны жинып, шағын ісін ашқан болатын. Қорғастан әйелдерге арналған ұсақ-түйек әкеліп, сатып жүрген, тіпті, базардағы саудаға да шыққан болатын. Бала-шағасы мен ас-ауқатына жетіп жүрген еді дейді. Бірақ, пандемия келіп, шекара жабылды. Көп балалы ана тауарды Шымкенттегі көтерме базардан алып көргенімен, саудасы жүрмегенін айтады. Ал қазір бөлмесінде сәннен шыққан киімдер толған сөмкелер жатыр, оны сатар адамы да, орны да жоқ. Енді қарызынан құтылу үшін айына 25 мың теңге несие төлеп отыр.

«Негізі, қарызды алған өзім, одан өзім құтылуым керек. Тек баспанам болса деймін. Білмеймін, адамдар 2020-2021 жылдары кезекке тұра сала пәтер талап етеді, ал мен 2014 жылдан бері екінші кезекке тұрдым, одан кейін кезекке тұрған көп балалы аналар пәтер алып та қойды. Ал мен көп балалы емес сияқтымын. Кезеке қоюды сұрағанымда қызың әлі кішкентай деді. Сосын кезекке қайта тұру керегін айтты, алдымда 7 мың отбасы бар екен. Ол кезекке өтудің мәні бар ма? Түрлі бағдарламалар шығуда, бірақ, алдымен бұрын кезекте тұрғандарда баспана бергендері дұрыс емес пе?», – дейді көп балалы ана.

Қазіргі таңда Гүлзаданың 16 жасар үлкен қызы колледже ақылы оқиды. Көп балалы отбасының баласын тегін оқуға қабылдамапты. Гүлзада бір жылда қызының оқуына 160 мың теңге төлейді, оған да шағымданбай, төлеп құтылып қалғанын айтады. Арманы сол баспана, қалғанын реттеп алар едім дейді.

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» чатына сілтеме: https://chat.whatsapp.com/FBvyTtB6Lr8Fv2uEza7ihl

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасы АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: