
«Тұран» футбол клубы ойыншылар мен бапкерлеріне ондаған миллион теңге қарыз
10 апреля, 2025Футбол клубы 2024 жылғы маусымға команда мен ойыншылардың жалақысын төлемеген, деп хабарлайды vera.kz
«Тұран» футбол клубы 2024 жылғы маусымға ойыншылар мен бапкерлік штабына ондаған миллион теңге көлемінде еңбекақы қарыздарын төлеуі тиіс. Бұл қарыздар туралы бірқатар ақпарат көздері хабарлайды, соның ішінде Legalbet.kz және Prosports.kz.
Бір қызығы, клуб салықтар мен зейнетақы аударымдарын уақытылы төлеп отырған, бірақ футболшылар мен бапкерлер өз ақыларын сол күйі алмаған. Төлем мерзімдері үнемі кейінге қалдырылып отырды -алдымен 15 қаңтарда, одан кейін 15 ақпанда уәде етілген, алайда аталған даталарда берілген үәде орындалмаған. Нәтижесінде спортшылар ҚФФ және ФҚХФ-ға ресми шағым түсіруге ниетті, бұл клуб үшін қарыздарды төлеп қана қоймай, қосымша айыппұлдар мен трансферлік тыйымға әкеліп соғуы мүмкін.
https://legalbet.kz/news/stalo-izvestno-o-dolgah-turana-pered-igrokami-i
«Тұран» ФК басқарудағы қателіктер салдарынан күйреу алдында тұр ма?
Бұл қарыздар директор Әлібек Нұртаевтың тиімсіз басқаруының салдарынан пайда болған сияқты. Қаржылық мәселелерге байланысты «Тұран» футбол клубы өзінің бәсекеге қабілеттілігінен айырылып қана қоймай, халықаралық футбол ұйымдарының санкцияларына да ұшырауы мүмкін.
«Тұранның» проблемалары тек жалақы төленбеуімен шектелмейді. 2024 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі клубтың қызметіне сыртқы талдау жүргізіп, елеулі заңбұзушылықтарды анықтады.
Соңғы үш жылда Түркістан облысында футболға 9,3 млрд теңге бөлінген, оның жартысынан жуығы (4,6 млрд теңге) Бірінші лигада ойнаған «Тұранға» бұйырған. Сонымен қатар, Премьер -лигадағы «Мақтаарал» клубына небәрі 2 млрд. теңге бөлінген, бұл қаржыландыру жүйесінің әділдігіне қатысты сұрақтар туындатады.
Ерекше назар аударатыны, ойыншылар мен бапкерлерге қатысты келісімшарттарда тым жоғары жалақылар көрсетіліп, қол қою жағдайлары анықталған және контрактілер бұзылған кезде үлкен өтемақылар төленген. Мысалы, шетелдік жаттықтырушыға 2022 жылы айына 5,3 млн теңге жалақы төленген, бірақ үш ай ғана жұмыс істегеннен кейін (оның екі айын Түркияда жиындарда өткізген), жұмыстан босатылғанда 15,9 млн теңге өтемақы алған. Осыған ұқсас схемалар ойыншыларға да қатысты анықталған. Әзірбайжаннан келген футболшы төрт ай жұмыс істеп , екі-ақ ойынға қатысқан, алайда ай сайын 7,6 млн теңге жалақы алып отырған, келісімшарты бұзылғанда 30 млн теңге алған.
Күмәнді сыйақылар мен негізсіз үстемақылар
Тағы бір алаңдатарлық жәйт- негізсіз сыйақылар мен үстемақылардың тағайындалуы болды. 2023 жылы клуб директоры Әлібек Нұртаевтың лауазымына белгіленген шекті мөлшер бойынша жалақысы 226 мың теңге құраған, алайда ол бюджеттік регламенттерді бұза отырып, ай сайын 1,8 млн теңге жалақы алып отырған. Бұдан басқа, бапкерлік құрамға 47,5 млн теңге көлемінде сыйақы бөлінген, оның ішінде Қазақстан Кубогының 1/8 финалына команданың шығуы үшін 12,7 млн теңге және «Ақжайықты»жеңгені үшін жаттықтырушылардың біріне 5,5 млн теңге берілген.
Қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтіндерге арналған экологиялық үстемақыларды да заңсыз қолданылған.
Мысалы, Шымкентке келіп ойнаған ойыншылар мен жаттықтырушылардың жалақыларына қосымша 20% төленген, ал Түркістанда жұмыс істеген жасөспірімдер футбол орталығының қызметкерлері өздеріне тиесілі төлемдерді алмаған.
Инфрақұрылымының болмауы және дамудың күмәнді саясаты
Клубқа қомақты қаржы құйылғанына қарамастан, инфрақұрылымы дамымай отыр. 2023 жылы УЕФА-дан футбол орталығын дамытуға 87 млн теңге қаржы бөлінген, бірақ бұл қаражат жасөспірімдер командаларына емес, шетел валютасын сатып алу мен жеке кәсіпкерлерден жабдықтарды сатып алуға жұмсалған.
Сонымен қатар, «Арман» атты жасөспірімдер турниріне қатыспағаны үшін клубқа ҚФФ тарапынан 1,7 млн теңгеге айыппұл салынған. Сондай-ақ, клубтың балалар-жасөспірімдер командалары қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілмегендіктен, оларды ата-аналар өз есебінен сатып алған. Бұзушылықтар туралы толық мәліметтерді мына жерден оқи аласыз: https://kazfootball.kz/news/78664
Клубтың болашағы: құтқарылу ма, әлде толық күйреу ме?
Қазіргі қалыптасқан жағдай аймақтағы билік басшылары мен пен футбол органдарының шұғыл араласуын қажет етеді. Егерде қарыздар жақын арада өтелмесе, «Тұран» трансферлік тыйымға ұшырап, ФҚХФ мен ҚФФ санкцияларына тап болуы мүмкін. Сонымен қатар, қаржыландырудағы анықталған күмәнді схемалар, клубтың қазіргі күйінде әрі қарай өмір сүруіне күмән келтіреді.
Клуб директоры Әлібек Нұртаевтың болашағы басты мәселе болып тұр. Оның басшылығымен клуб әбден қарызға батып, бюджеттен бөлінген қаражаттар өте тиімсіз жұмсалды. Егер Түркістан облысының басшылығы бұл жағдайға араласпаса, «Тұран» басқарушылық қателіктерге байланысты еліміздегі көптеген қазақстандық клубтардың тағдырын қайталап, футбол картасынан жоқ болып кетуі мүмкін.
Қазақстан жаңалықтары:
- Костанайский гвардеец стал призёром международного турнира по гиревому спорту
- Трансферная кампания межсезонья в ФК «Туран» вызывает недоумение у болельщиков
- «Тұран» футбол клубы ойыншылар мен бапкерлеріне ондаған миллион теңге қарыз
- ДЮСШ «Барыс» примет участие в первенстве России 2025/26
- «Ордабасы» ФК-ы төңірегіндегі дау: алтынмен апталғандардың айқайы