Жануарларға арналған ерекше паналау орталығы немесе мысық емізген ит туралы оқиға

Жануарларға арналған ерекше паналау орталығы немесе мысық емізген ит туралы оқиға

11 августа, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Көршінің кәрі мысығы екі жылдан бері бізде тұрып жатыр. Иелері жақсы адамдар, тек, бір күні олар ит асырып алғанда ол мысықты тістемек болған. Содан қорыққан мысық соңында бізге ауысып алды. Алғашында ол мысық қатты ауырды, оған дәрі салдық, ветеринарға апардық. Одан кейін Кузя келді, одан кейін Симба пайда болды. Иә, біз олардың барлығын аттарымен атаймыз. Бәрін жақсы көреміз.

Шонина Надежда Михайловна мен жұбайы Бақыттың көңілдері кең, жүректері мейірімді екенін бірден байқауға болады. Олардың шағын үйі жануарларға арналған паналау орнына айналған. Аида, Тина, Шельма, Бетта, Чемба, Боцман, Васька – барлығы 6 ит пен 4 мысық. Бұған көрші ауладан келіп, тамақтанып кететін, осында балалап жүретін үй жануарларын қосыңыз. Екеуі әр жануар туралы сағаттап әңгімелеуге бар, себебі, төрт аяқты достарын қатты жақсы көретіндерін айтады.

 Жануарларға арналған ерекше паналау орталығы немесе мысық емізген ит туралы оқиға
Жануарларға арналған ерекше паналау орталығы немесе мысық емізген ит туралы оқиға

” Үй жануарларын өмір бойы жақсы көріп келемін. Олар – менің қуанышым, олар – менің көңіл-қошым, олар менің қайғым да деуге болады. Себебі, үйсіз-күйсіз, далада қалған, адамдардан жәбір шеккен жануарларды көргенде жүрегім ауырып, тіпті, қысылып та қалған кездерім болды. Қазір әлеуметтік желіден ондай видео кездесіп қалса, көрмеуге тырысамын. Себебі, жүрегіме жақын қабылдаймын. Жұбайым да мен сияқты, ит пен мысықты жақсы көреді, оларды аялайды. Біз осы уақытқа дейін ешқандай үй жануарына қол жұмсап, айқайлап көрмеппіз. Осыларға жіпсіз байланып қалғанымызды мойындауға болады”, – дейді Надежда Михайловна.

Надежда мен Бақыттың жануарларға деген ессіз қамқорлығы құрметке лайық. Олар аулада үлкен иттерге, қабаған төбеттерге арнайы торлар дайындаған. Ал шатырда мысықтарға арналған жай бар. Ас-суы өз алдына бөлек дайын. Осылайша зейнеткердің ендігі өмірі осынау бір кедегі қаңғыбас жануарларға күтім жасаумен өтіп жатыр деуге болады. Осылардың барлығының ішінен бір ғана итті бұл отбасыға сыйлаған, қалғанын тегіс көшеден тауып алған, құтқарып алған.

“Өкінішке қарай, бұл – адамзаттың проблемасы. Адамдар жанашырлықты, аяушылықты ұмытқандай. Тіпті, көршіммен де қатты сөзге келіп қалған кезім болды. Біздің аулаға, біздің қақпаның алдына келіп, тамақтанатын иттер бар, соларға тас атып, қумақ болған еді. Неліктен олай еткенін сұрасам, қақпаның алдын бүлдіреді дейді. Ау, ол иттер менің қақпамның алдында жүр ғой деп жауап қайтардым”, – дейді Надежда Шонина.

 Жануарларға арналған ерекше паналау орталығы немесе мысық емізген ит туралы оқиға
Жануарларға арналған ерекше паналау орталығы немесе мысық емізген ит туралы оқиға

Бұл аулада таңқалатын ештеңе қалмағандай болған сәтті денесі ірі Аидаға – ол кане-корсо мен шарпейден туған – үш айлық мысық Боцман келіп, итті еме бастады! Бұл қалай болғаны – әлі күшіктемеген ит марғауды қалай емізуде?! Көріп тұрғанымыздай, бұл үйде мұндай да таңқаларлық жағдай болады екен. Өзі соқыр, өзі ауру марғау қолдан емізуге де жарамайды, сондықтан, итке бауыр басқан екен. Ал ит те сауынды сиыр сияқты иіп қоя берген. Дәрігерлердің түрлі болжамдары осылайша теріске шыға келді. Аида марғауды үш айдан бері емізіп жүр, әзірге ол ойынан бас тартатын да түрі көрінбейді.

“Ол ит мынау Васьканы да емізуге дайын еді. Ол күшіктің өзі бас тартты. Енесінен ажырағанына біраз уақыт өткені көрініп тұр, өзі тамақтануға үйреніп те қалған. Ал Боцманды бізге әкелгеніне үш айдан астып, әлі еміп жүр”, – дейді Надежда Шонина.

Надежда Михайловна кішкентайынан миллионер атанып, балалар үйі, қарттар үйі мен жануарларға арналған паналау орнын ашуды армандағанын айтады. Қараусыз қалған төрт аяқтылар онда тиісті ем мен күтіп алып, қамқор иелерін табар еді. Қазір осы арманын жүзеге асыру үшін бай бола алмағанына өкінеді. Ал біз, керісінше, жүрегі кең бұл кісі бай болмаса да арманының бірін жүзеге асыра алды деп ойлаймыз. Солай емес пе?

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Біздің жобаға мына сілтеме арқылы қосылуға болады: https://chat.whatsapp.com/FyaB4i6aB0B0PTycH7B3Sr

Последние новости Шымкента: