ДЦП диагнозы қойылған 13 жасар қыз арманына қол созады

ДЦП диагнозы қойылған 13 жасар қыз арманына қол созады

25 июня, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

Милена Ростошанская әрдайым алдағы жақсы күндерінен үмітті, деп хабарлайды vera.kz

Марина Ростошанская 13 жасар қызын жалғыз өзі өсіріп келеді. Милена алты айға толғанда ДЦП диагнозын қойған дәрігерлер, бүлдіршін өз бетімен жүріп, сөйлей алады деген болатын. Дегенмен, ол болжамдар расқа айналмады. Қазір жасөспірім қыз мүгедектер қоларбасымен қозғалады, қолының қимылы әлсіз. Дегенмен, көңілі түспей, әрдайым арманына жету жолында күресіп келеді.

«Менің суретші болғым келеді. Және ұстазым Олеся Сергеевна сияқты балаларды сурет өнеріне үйретсем деймін», – дейді Милена.

Маринаның айтуынша, қызын бірнеше рет көркемсурет мектебінде оқытпақ болғанымен, одан нәтиже шықпапты. Қоларбаға таңылған қызбен ешкімнің айналысуға мүмкіндігі болмаған. Дегенмен, осыдан жарты жыл бұрын Миленаға сурет салуды үйрететін оқытушы табылды. Алғашқы сабақтар өте қиын болып, саусақтарының икемі келмегенімен, қазір Милена саз-балшық терапиясына да қатысып жүр.

«Жарты жылдан бері сурет салуды үйреніп жүрміз, нәтижеміз жаман емес. Жақында саз-балшықтан құмыра жасауды байқап көрдік. Ол да өте жақсы шығармашылық екен. Міне, қазір саздан түрлі кескіндер жасап жатырмыз, ал негізінен сурет саламыз», – дейді Миленаның анасы.

Қазақстанда бүгінгі таңда ДЦП диагнозы бар 19 мыңнан астам бала өмір сүреді. Және олардың ата-аналарының барлығының бірдей баласының толыққанды медциналық күтім мен оңалтудан өтуге мүмкіндігі жоқ. Бірақ, әр ана өз баласының болашағынан үмітті, оған деген сенімі мен махаббатын аянбайды.

«Мен әрдайым қызыммен біргемін. Ол өмірімнің мәніне айналды. Егер кейде көңіл-күйім түсіп кетсе, қызыма қарасам болды, орнымнан тұруға тура келеді. Себебі, оны тамақтандырып, шашын тарап, киіндіру қажет. Шынында да бұл өміріме үлкен күш береді. Түрлі ауру-сырқауға, жалқаулануға уақыт жоқ, себебі, өзіңді өзің қамшылайсың», – дейді Марина Ростошанская.

Марина қызын жалғыз өзі өсіріп келеді. Қазіргі қолдаушылары – отбасы мен үш сіңлісі. Олар түрлі қиын жағдайда қол ұшын созады.

Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» — көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді.

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: