Няша-мысық қалай құтқарылды
10 июня, 2022Светлана Мыцык осыдан екі жыл бұрын дүкенге нан аламын барып, соқыр әрі ауру мысық ала келген, деп хабарлайды vera.kz
Өзі жануарларды жақсы көретін Светлана Мыцык мысықты көріп тұрып тастап кете алмадым дейді. Няшаны ұзақ емдеген ветеринарлар көруін қалпына келтіреміз деп уәде бере алмады, дегенмен, иелерінің махаббаты мен шыдамдылығы өз нәтижесін берді. Енді бұл мысықтың өз марғаулары, өз үйі мен жақсы көретін қожайындары бар.
«Ол кезде көзі мүлде көрмейтін еді. Егер біз қолға алмағанда тірі қалуы екіталай еді. Ал қазір өзі де әдемі, көзі де көреді. Солай ма, Няша? Өзі сондай тәртіпті. Біздің үйде бұған дейін де мысықтарымыз болған, дегенмен, олар өсіп, жетілген соң кетіп қалатын еді. Ал осы Няша ғана тұрақтап қалды. Бұған қоса қазір тағы бір мысығымыз бар, оны да көшеден тауып алғанбыз, қазір жағдайы жақсы», – дейді Светлана Мыцык.
Светлана үй жануарларын көп асырайды. Айтуынша, қоршаған ортаға және жануарларға деген жанашырлықты балаларға кішкентайдан, өз мысалыңмен үйрету керек. Сонда олар кейін өскен соң ит немесе мысықты, құстарды қорламайтын болады, қараусыз қалдырып кетпейді.
«Менің ойымша, үй жануарларына қамқорлық жасауды балаларға кішкентай кезден үйрету қажет. Себебі, олар біздің досымыз. Ит-мысықтарды асырап алып, кейін далада қалдырып кететін адамдарды мүлде түсінбеймін. Оларға қаморлық көрсетсек, олар да бізді жақсы көреді. Адалдық танытады. Мысалы, жұмыстан шаршап келіп, үйге кірген соң мысықты сипаласаңыз, ол алдыңызда пырылдап жатса, шаршағаныңды сол сәтте-ақ ұмытып кетесің», – дейді Светлана.
Светлананың айтуынша, мемлекет тарапынан ит-мысықтарды күтіп-ұстайтын арнайы орындарға қаржылай көмек көрсету мен адамдардың жауапкершілігі бұл проблеманы шешуде едәуір сеп болады. Ал ең бастысы – үй жануарларына қамқорлық жасауды бала кезден бойға сіңіру қажет.
«Мысалы, егер біреу мысық асыраса, бірақ, оның балаламағанын қаласа, оған да жағдай жасалған. Дәріханаға барсаңыз, операция жасауға болады. Әрине, егер марғау болғанын қаламасаңыз. Кейін мысықты шыпырлатып далаға тастап кеткеннен осы дұрыс деп ойлаймын. Себебі, олар да тіршілік иесі, обалы бар», – дейді ол.
Ал қазір туғандарына екі ай болған марғауларға жаңа иелерін іздеуде. Тек олар мейірімді әрі жауапкершілігі бар болуы тиіс. Светлана тек сондай отбасыға ғана беремін деп отыр.
«Жануарларға – қамқорлық» жобасы» АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Ортаазиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.
Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.
Біздің жобаға сіз https://chat.whatsapp.com/IdfTPIpLCqdDD8pusalsBJ сілтемесі арқылы қосыла аласыз
Последние новости Шымкента: