«Ордабасы» ФК-ы төңірегіндегі дау: алтынмен апталғандардың айқайы

«Ордабасы» ФК-ы төңірегіндегі дау: алтынмен апталғандардың айқайы

8 апреля, 2025 Выкл. Автор Анна Цурканова

Шымкенттік футболшылардың бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды vera.kz 

«Ордабасы» ФК экс-президентіне қатысты қылмыстық тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.  Бұл туралы Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы М. Мықтыбековтың   ресми сауалымызға берген жауабында мәлім болды. Бұл лауазымды 2022 жылдың ақпанынан 2024 жылдың мамырына дейін Бауыржан Әбдубаитов атқарғаны белгілі. Ашық дереккөздерге сәйкес, ол  2002 жылдан бастап бірнеше жыл бойы «БИІК» компаниясының президенті болғаны белгілі. Оның тегі әртүрлі спорт нысандарының, футбол бірлестіктері мен ломбардтардың қызметімен байланысты.

 Бұдан басқа, Шымкент  қаласының прокуратурасы 2024 жылдың  желтоқсанынан бастап 2020 – 2024 жылдар кезеңінде бюджет қаражатының тиімділігі мен мақсатты пайдаланылуын тексеріп жатқаны белгілі.  Бүгін,  Қазақстан Республикасының  Бас прокуратурасы  Футбол Федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты  қылмыстық істердің  тергеуін жүргізу үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне  жолданғанын   хабарлады.   Бұл «Ақтөбе», «Жетісу» және «Ордабасы»футбол клубтарында тексеру  жүргізілгеннен кейін орын алды. Бұл клубтарда елеулі заңбұзушылықтар анықталды, олардың арасында келісімшарт сомаларын асыра бағалау, ойыншыларды төмен бағамен сату және оларды жоғары бағамен сатып алу.  Сондай-ақ, қаражатты жымқырылуы  анықталған.

Қазақстан Футбол Федерациясының ресми сайтында «Шымкент қаласының Футбол Федерациясы Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті  болып Алмат Бауыжанұлы Әбдубаитов екені көрсетілген. Ол  «Ордабасы» ФК экс-президентінің ұлы болса керек.  Алайда, Шымкент қаласы  Әділет департаментінің деректеріне сәйкес, аталған федерацияның басшысы  болып Әбдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы есепте тұр.

 Жалпы алғанда,  Қазақстан Футбол Федерациясында және бірқатар футбол клубтарында прокурорлық тексеруден кейін бір қатар қаржылық бұзушылықтар мен тиімсіз басқару фактілері  анықталып,  мемлекетке 3 млрд теңге сомасында залал келтірілді.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Шымкенттік «Ордабасы»клубының легионерлері жалақы мен алым ретінде қандай соманы алғаны туралы жазған болатынбыз. Толығырақ сілтеме бойынша https://vera.kz/boloto-s-zolotymi-zarplatami-skandal-vokrug-fk-ordabasy/