Шымкентте «Әлеуметтік дүкен» мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуде

Шымкентте «Әлеуметтік дүкен» мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуде

14 мая, 2021 Выкл. Автор Анна Цурканова

Шымкенттегі мүмкіндігі шектеулі жандарға «Ана жолы» қайырымдылық қорының қолдауымен «Әлеуметтік дүкен» көмектеседі, деп хабарлайды vera.kz

Қазіргі таңда әлеуметтік дүкеннің қамқорлығында 600-ден астам адам бар, олар ай сайын көмек алуға келеді. Негізінен көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, жалғызілікті зейнеткерлер. Жай күндері де адам аяғы үзілмейтін дүкенде бұл жолы таңертеңнен кешке дейін адам көп болды. Синам Мамаеваның жасы 28-де. Баласына гемофилия диагнозы қойылған ана көмек алуға және өзі сияқты жағдайдағы таныстары да қандай көмек ала алатынын білуге келген.

«Адамдардан осы дүкенде көмек береді екен дегенді естіп, көруге келдім. Мұнда бірінші рет келіп отырмын, екі балама киім-кешек қажет еді. Ұлым тумысынан дертке шалдыққан, күн сайын дәрі екпесе болмайды. Қазір жұмыс істей алмай отырмын, себебі, балаларыма арнайы күтім қажет. Балалары ауыратын таныстарым бар, оларға мұнда келу қиын, балаларын қалдыратын ешкімі жоқ, жағдайды біліп, оларға жеткіземін», – дейді Синам Мамаева.

Дүкендегілер жаңадан келгендерді жылы қабылдайды. Дегенмен, қайырымдылық қорының алдымен мәліметтерін алып, құжаттарын тексереді, тұратын орнын қарап, ең алдымен не қажет екенін анықтайды. Кейде азық-түлік немесе затпен көмектесумен шектелмей, еріктілер аналарға қолайлы жұмыс табуға көмектеседі. Қазір «Әлеуметтік дүкенде» 120 отбасы тіркелген, олардың әрқайсысында мүмкіндігі шектеулі ересек адам немесе баласы бар.

«Біз мүмкіндігі шектеулі мүшесі бар отбасыларға бірінші кезекте көмектесуге тырысамыз. Мысалы, егер анасы келіп, баласына мүгедектер қоларбасы қажет екенін айтып, ол бізде жоқ болса, инстаграм-парақшамызға пост салып, мүгедектер қоларбасы, дәрі немесе арнайы препараттар қажет деп жазамыз. Адамдар көмектесіп жатады, тіпті, кейде кәсіпкерлер немесе қала тұрғындары сол дәріні немесе қоларбаны өздері әкелед», – дейді дүкеннің директоры Гүлнара Мақатова.

Еске салайық, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» — көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен қолдау болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» чатының сілтемесі: https://chat.whatsapp.com/FBvyTtB6Lr8Fv2uEza7ihl

Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.

Последние новости Шымкента: