Шымкентте мектепте атыс қаруымен жанжал шығарушылар сотталды
7 января, 2020Шымкентте мектепте атыс қаруымен жанжал шығарушылар сотталды деп хабарлайды vera.kz
Сот алдына үш жас жігіт келді. Екеуі 17 жаста, үшіншісі бар-жоғы 15-те. Мектеп қабырғасында сыныптастары мен мұғалімдерінің көзінше үкім оқылды. Атышулы жанжалға қатысы бар мектептің жоғары сынып оқушылары үшін өзіндік жақсы сабақ болады деп есептеді судьялар. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында № 46 және № 38 мектептердің оқушылары № 65 мектеп-гимназияның балаларымен өзінше есеп айырысуды шешті. Жәнібеков көшесінде тура тұрғын үйлердің ортасында кездесіп, ауызша керілдесуге дәлел қалмаған соң, қаруға жүгінді. Сотталушының біреуі шолақ мылтықпен атып жіберген, алайда құдай сақтап, зымыраған оқ ешкімге тимеген, – дейді судья Дәурен Сайханов. Шындығында, жанжал шығарушылар топқа оқ атқаннан кейін аптығын баспай, қолдарына пышақ алған. Нәтижесінде он бірінші сынып оқушысы қолынан жарақаттанған.
«Шолақ мылтықпен бір рет атылған, сосын пышақ қолданылған, жәбірленушілердің біреуінің денсаулығына жеңіл зиян келген. Негізі жолы болған. Осы әрекеті үшін кәмелетке толмағандар сотталып отыр. Сотта анықталғаны – оқиға орнына шолақ мылтықты 17 жасар Т. әкелген, оның айтуынша тауып алған. Ал оны алып келуді сотталушы А. сұранған. Құдайға шүкір, бұл оқ та ешкімге тимей, ауыр зардаптан сақтап қалған», – дейді Шымкент қаласы ювеналды сотының төрағасы Дәурен Сайханов.
Осы бір өрескел қылмыс ауыр санаттыға жатады дейді судья. Бұған қоса, оқушылар қоғамдық орында жанжал шығарғанымен қоймай, қала аумағында атыс қаруын қолданған. Сотта үшеуі де өз кінәларын мойындап, істеген істеріне өкініп, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады. Сот кінәлілердің жасын ескере отырып шешім шығарды.
«Сотталушы А. мен Т. ҚР ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, 1 жылдық пробациялық бақылау кезеңімен шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл олардың бос уақытын шектейді, яғни үйде бақылауда болуы қажет. Үшінші сотталушы Ж. 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді олар түзелгендерін дәлелдеуі керек, ал егер тәртіпті бұзып жатса, бас бостандығынан айыру мекемесіне жіберіледі. Ал мектепке баруы міндетті», – деді Шымкент қаласы ювеналды сотының төрағасы Дәурен Сайханов.
Өз кезегінде сот педагогтар мен полицейлердің кәсіби жарамдылығы мәселесін де сырт қалдырмады. Мектептегі профилактикаға назар аудару мақсатында № 46 және № 38 мектептердің директорларына қатысты жеке қаулы шығарылды, судьяның пікірінше алдын алу жұмыстары тым нашар. Сонымен қатар ювеналды полиция мен учаскелік полиция инспекторларының жұмысына назар аударуы үшін Шымкент қаласы полиция департаментіне де жеке қаулы шығарылды. Судья егер профилактикалық жұмыстар уақтылы жүргізіліп отырса, оқушылар арасындағы қақтығыстан құтылуға болатын еді деген сенімде.
Версия на русском языке http://vera.kz/zachinshhikov-shkolnoj-potasovki-so-strelboj-osudili-v-shymkente/
Последние новости Шымкента:
- Сотрудник миграции Аль-Фарабийского района в пьяном виде ездил по улицам Шымкента
- 163 солдата в Шымкенте простились с боевым знаменем части
- Бухгалтер коррекционного детсада присвоила крупную сумму денег в Шымкенте
- Боевое знамя вручили бригаде территориальной обороны города Шымкента
- В Шымкенте прошла акция ко Дню пожилых людей