Сильвер мен Стивті құтқару оқиғасы

Сильвер мен Стивті құтқару оқиғасы

22 августа, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Сәуле Абдалиеваның екі мысығы әбден еркелетілген. Конақтарды ұната бермейді. Сондықтан, оларды таныстыру үшін тығылып қалған күтпеген орындардан еріктерінен тыс алып шығуға тура келеді. Ешкімді жақтырмай тұрғандары түрлерінен-ақ білініп түр. Қожайыны әбден күтіп-баптаған жануарлар біраз уақыт бұрын өлудің алдында болған деуге сену қиын.

“Қызым марғау асырап алғысы келді. Біздің аулада мысықтар бар еді, соның бірі туып, марғаулар жүгіріп жүрген. Арасынан ең әлжуазын алдық. Оның көзі іріңдеп кеткен, түшкіріп жүр еді, суықтап қалған екен. Біз оған дәрі ектік, өсірдік. Атын Сильвер деп қойып, «Хатико» клиникасындағы Станиславқа апардық. Ол марғауды емдеп жазды. Енді қазір отбасымыздың бір мүшесіндей болып кеткен”, – дейді Сәуле Абдалиева.

Қазіргі таңда Сильвердің көздері оттай жанып, көпген жанды қызықтырса, Стивтің жағдайы мүлде басқаша. Оның көзі көрмейді. Туа бітті инфекцияның салдарынан жанары көрмейді. Сәуле оны марғау кезінде тауып алғанда көздері жоқ еді. Бірақ, бұл әйел соған қарамастан мысықты жақсы көріп, жанашырлықпен күтім жасайды, қамқор болады.

“Көзді құртатын инфекция бар екен. Жақында ғана жабылып ақша жинап, оған операция жасадық. Аннушка мысықтың қабағын тігіп берді. Иә, Стив ерке, жақсы мысық. Тек барлық нәрседен қорқатыны болмаса. Себебі, көзі көрмейді ғой”, – деп жалғастырады Сәуле Абдалиева.

Сәуле қызы екеуі Стив пен Сильверден бөлек жақын маңдағы мысықтың барлығын тамақтандырады. Ал жақында бұл алғаш рет Түркия немесе Грузиядағы секілді көшеге қойылатын мысықтарды тамақтандыру жүйесін орнатуға қаржы жинауға кірісті.

“Негізі, волонтер Меруерт екеуіміз әр аулада мысықтарға арналған, қыста жаураматпайтын, ал жазда салқын болатын үйшіктер соққымыз келген еді. Бірақ, әкімдік рұқсат берген жоқ. Дегенмен, Меруерт Желтоқсан көшесіндегі үйінің маңынан сондай үйшікті соғып алды, онда өзінің мысықтары тұрады”, – дейді Сәуле Абдалиева.

Ал біз – «Жануарларға – қамқорлық» жобасының авторлары мен қатысушылар, зооволонтерлар және барлық жанашырлар Шымкенттегі қаңғыбас ит-мысықтар тамақтанатын орындар мен үйшіктер идеясы жүзеге асырылады деп үміттенеміз. Ал ең бастысы – барлығы да қаңғыбас ит-мысықтарды стерильдеу туралы заңды күтіп жүр. Бұл заң қазіргі таңда өзекті үйсіз жануарлардың санын реттеуге көмек берер еді.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Біздің жобаға мына сілтеме арқылы қосылуға болады:

https://chat.whatsapp.com/FyaB4i6aB0B0PTycH7B3Sr

Последние новости Шымкента: