Тараздық бүлдіршінге әлемдегі ең қымбат дәрі қажет
16 июля, 2021Дерті асқынған балақайдың еміне дүние жүзіндегі ең қымбат дәрі қажет болып тұр, деп хабарлайды vera.kz
Жансақтау палатасы бір жасар қыз үшін үйіне айналғандай. Арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған Айсезім Еркіннің емінің бағасы қымбат. Гендік терапияға арналған «Zolgensma» препаратын сатып алу үшін 1 млрд теңге жинап үлгеру қажет. Бұл дәрінің бір флаконы СМА генетикалық себебін жойып, бүлінген генді сауына ауыстырады. Енді сол дәріні Айсезімнің жасы 2-ге толғанша салып үлгеру қажет.
Қазір генетикалық дерттің кесірінен Айсезім мүлде азып барады. Ол жүріп, еңбектеу түгілі отыра да алмайды. Ал таяуда тыныс алуы қиындап, жүрек соғысына әсер етуі мүмкін.
«Сіздердің әрқайсыларыңыздың көмектеріңізбен біз қадам болса да алға басып, аса қажет дәріні алу мүмкіндігі арта түсті. Қандай көмек болса да аса маңызды. Қымбатты достар, сіздерге отбасымызбен алғыс айтып, қызымыздың әлі-ақ оңалып кетеріне, алдағы өмірі жарқын боларына сенеміз», – дейді Айсезімнің ата-анасы.
Тараздық еріктілер Шымкенттегі жалпы қалалық «Қайырымдылық кәрзеңкесі» чатына хабарласып, бүлдіршіннің еміне қаржы жиналып жатқаны туралы хабарлайтын еріктілерді көмекке шақырды. Дәл қазіргі таңда Айсезім бір айдан бері жансақтау бөлімінде жатыр, енді емге қажет қаржыны тезірек жинау үшін көптеп қол ұшын созу керек.
«Егер сіз көмектесемін десеңіз, еріктілердің телеграмдағы чатына қосылыңыз. Қайырымдылық акциясы туралы көбірек таратуға адамдар қажет. Айсезім туралы жазылған хабарландыруларды тек Таразда ғана емес, еліміздің басқа қалаларында да тарату керек. Оған қоса әлеуметтік желіні жүргізуге, жәрмеңке, көлік шеруі сияқты қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырушылар, қаржы жинау бойынша жаңа идея ұсынатын жандардың да көмегі болса, бас тартпаймыз. Осы айтылғандар бойынша қол ұшын соза алатын достар болса, бізге жазыңыздар», – дейді тараздық еріктілер.
Профиль бетіндегі «Ерікті боламын» батырмасын бассаңыз, сіз еріктілердің телеграмм-чатына автоматты түрде қосыламыз. Анықтама тел: +7 747 212 41 19
Қаржы жиналуы туралы барлық мәлімет инстаграмдағы https://www.instagram.com/aisezim_sma_taraz/ аккаунтында жарияланған. Материал жариланған уақытта 104 230 542 теңге жиналды, әзірге дәріге қажет 1 миллиард теңгеге 895 769 458 теңге жетпейді.
Айсезімге сіздің кез келген көмегіңіз қажет:
- аккаунтқа жазылу
- лайк басу
- сториста бөлісу
- тарату
- постқа комментарии жазу
Қаржы аударуға реквизиттер:
Kaspi Bank АҚ
5169 4971 1082 8039
+7 707 681 93 08 Салтанат Р. (анасы)
ЖСН 950715401158
Saltanat Rakhmatilakyzy
Halyk Bank АҚ
4405 6397 3139 5628
ЖСН 950715401158
Saltanat Rakhmatilakyzy
Bank CentreCredit ЖСН
4899 9333 3090 9498
+7 707 429 29 76 Сағыныш Ж. (әкесі)
Sagynysh Zhaksylyk
Сбербанк Қазақстан АҚ
4578 3200 0310 3740
+7 707 429 29 76 Сағыныш Ж. (әкесі)
Sagynysh Zhaksylyk
Сбербанк России АҚ
5469 5500 1703 9899
+7 958 858 99 29 Адилет Алишев (әкесінің досы)
Adilet Alishev
PayPal
sagynysh1@yandex.com
ЯндексДеньги/ЮMoney
4100 1166 7134 8521
Еске сала кетейік, «Қайырымдылық кәрзеңкесі» — көмекке мұқтаж және қайырымды жандардың бірлестігі. Біз мұнда көмек сұраған адамдар ғана емес, оларға қол ұшын соза алатын қайырымды жандар туралы да ақпаратпен бөліскіміз келеді. Кейде қиын жағдайға тап болған отбасыға бір сөмке азық-түлік алып берудің немесе жалғызілікті қарияның шаруасына көмектесудің өзі үлкен қолдау болады. Мұндай қайырымдылықтан басқалар да үлгі алса деп жариялау да көмек.
Жобаның чатына сілтеме – https://chat.whatsapp.com/FBvyTtB6Lr8Fv2uEza7ihl
Жоба АҚШ халықаралық даму агенттінің (USAID) қолдауымен Орта Азиялық MediaCAMP бағдарламасының аясында Internews гранты қаржысымен жүзеге асырылады.
Последние новости Шымкента: