Жасөспірім Шымкенттің орталығында оқ жарақатын алды

Жасөспірім Шымкенттің орталығында оқ жарақатын алды

12 января, 2020 Выкл. Автор admin

Шымкенттің орталығында жасөспірім оқтан жарақат алды деп хабарлайды vera.kz

​Шымкент қаласының 17 жасар тұрғыны көптеген оқ жарақатымен №1 қалалық ауруханаға түсті.

«Науқас 6 қаңтар күні кешкісін түсті. Кезекші бригаданың дәрігерлері жедел түрде алғашқы отаны жасап, хирургиялық ​тазарту жүргізді. Қан кетуді тоқтатып, жас жігітті стационарға жатқызды. Жағдайы бірқалыпты, нашарлау байқалмайды. Емдеу шаралары жүргізілуде. Ол оң жақ жамбасынан көптеген бытыра оғынан жарақат алған. Бытырадан жарақатталған жерлер өте көп болды», — дейді ота жасаған дәрігер Алмаз Байбеков.

Зардап шеккен 17 жасар жасөспірім жақын арада аяққа тұрып кете алмайды. Қазір оған аурухана төсегінде жай ғана жатудың өзі ауыр, әрбір таңу кезінде қатты ауырсынады. Дәрігерлердің айтуынша, емдеу курсынан кейін ол әлі-ақ жүгіріп- секіріп кетеді, алайда Иляев көшесіндегі сол кешті біраз уақытқа дейін ұмыта алмасы анық. Атыс орын алған кезде ол Шымкенттің орталық көшесінде бала кезгі достарымен тұрған еді.

«Досым мені алып кетуді өтінді. Мен сол жаққа жеткен соң, 2 минуттан кейін көлікпен жігіттер келді де​, ата бастады. Біз төрт-бесеу едік. Олар БМВ Х5 автокөлігімен келді. Біреуі рөлде, ал қалған екеуі артқы орындықта отырды. Олар көліктен шыға сала ата бастады. Бетперделері болғандықтан, тани алмадым. Оқ тек маған тиді. Достарым мені көлікке мінгізді де, ауруханаға алып келді», — деп, зардап шеккен студент оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Шиеленіс кафелердің бірінде орын алған деп пайымдайды полицейлер. Содан кейін жас жігіттер​ екі компания болып сыртқа шыққан. Полицейлердің болжамынша, оқ «Хюндай Акцент» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушыларына қарай атылған. Екі жас жігіт ауруханаға жеткізіліп, біреуі алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін, үйіне жіберілген.

«Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 3 бабымен, «Бұзақылық», «Адам өлтіруге оқталу» және «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш аттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлайды Шымкент полициясы.

Полицейлер шиеленіске қатысушылардың барлығы анықталып қана қоймай, ұстал​ғанын да мәлімдеп отыр.

Последние новости Шымкента: