Қараусыз қалған жануарлардың құтқарушысы

Қараусыз қалған жануарлардың құтқарушысы

8 июля, 2022 Выкл. Автор Анна Цурканова

Ольга Угрюмова иесіз қалған ит-мысықтарға қамқорлық көрсетіп келеді, деп хабарлайды vera.kz

Иелері қорлық көрсетіп, тастап кеткен үй жануарларын асырап алуға және емдеуге деген ниеттен Ольга Угрюмованың ауласы бірнеше жылдан бері өз бетімен төрт аяқты достардың орнына айналып кетті. Өзінің айтуынша, қазір мұнда 12 ит пен 5 мысық бар. Бірақ, бұл сан жиі өзгеріп тұрады, себебі, мейірімді әйел әр жануарды асырап алуға құмар. Бір күні балалар бірден 18 күшікті алып келіпті.

«Қайнарбұлақтағы үйде жұбайым екеуіміз отырғанбыз – ол кезде ол тірі болатын – «Бүгін көшедегі балалар тыныш қой, әдеттегідей шулап ойнап жүрген жоқ, ерте жатып қалған-ау» деп ойлап отырғанбыз. Кенет ауланың ана басынан қыңсылаған дауыс естілді, есікті ашсақ, қаптаған күшік жатыр. Ұмытпасам, Қайнар бұлақта табылған күшіктің барлығын жинап ала әкеле беріпті. Санасақ, 18 екен. Кеш болып қалған кез, кімге не деп айтасың? Осылайша барлығын күтімге алып, бірнеше күн бойы барлығын бірдеңе қылып түрлі отбасыға асырауға бердік», – дейді Ольга Угрюмова.

Ольга Угрюмованың үйінде қандай тұқымдас төбет болмады десеңізші: өзі қымбат тұратын, бірақ, кейін иесі жалығып кеткен маламут, күшіктеген соң далада қалған овчарка, немесе, ауру Буля. Барлығы да бұрынғы иелеріне қажетсіз болып, Ольганың ауласынан пана тапқан.

«Өзім жұмыс істемеймін, бала күтімімен үй шаруасындамын. Осылайша иесіз жануарларға күтім жасаумен айналысып кеттім. Негізінен күшіктерді келіп, асырауға алып кететіндер көп. Тегін беремін деп хабарландыру берсем де кейбір жомарт жандар аздаған ақша қалдырып кетеді, қалған ит-мысыққа ет, тамақ алып бересіз деп айтады», – дейді Ольга Угрюмова.

Қараусыз қалған жануарлардың құтқарушысы
Қараусыз қалған жануарлардың құтқарушысы

Көлік баса жаздаған мысықты құтқару дейсіз бе немесе мәңгі ұйықтатуға алып бара жатқан итті алып қалу дейсіз бе – Ольга үшін мұның барлығы үйреншікті жайтқа айналған. Өзінің бес баласын да осындай жанашырлыққа тәрбиелеуде, үлкен қызының мүгедектігі де бар. Ольганың айтуынша, мейірімділік пен адамгершілікті сөзден гөрі іспен дәлелдеген дұрыс.

«Менің ойымша, бұл – өзекті проблема. Оқушыларда да үй жануарларына деген қамқорлық жоқ. Бұл бер жағы, ал ит-мысықты стерильдеу қымбат. Егер стерильдеуді қолжетімді етсе, барлық жануарды, мейлі, ол иесіз болсын, стерильдесек, жақсы болар еді. Себебі, қаңғыбас мысықтардан да пайда бар, ол тышқан-атжалманды аулайды. Егер піштірілсе, көп болып балаламай, өз өмірін сүріп, кетер еді», – дейді Ольга.

Осынша жануардың барлығын Ольга ауласында ұзақ уақытқа ұстап тұра алмайды, оған мүмкіндігі де, қаржысы да жоқ. Сондықтан, емдеп шыққандарын қамқор жандарға беруге тырысады. Одан кейін жаңа иелерімен хабарласып, төрт аяқты достарының тағдырынан хабар алып тұрады.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Біздің жобаға https://chat.whatsapp.com/KXO9R3WbmLu9OsQSSbvzVW:сілтемесі арқылы қосылуға болады

Последние новости Шымкента: